Өндірушінің маркетингі. Бұл кезеңде маркетингтік қызметтің басты мақсаты:
фирма - өндіруге шамасы бар кез келген өнімнің өткізуін қамтамасыз етуден тұрды.
Фирма менеджерлері бұнымен қоса ең алдымен нарықтың қажеттіліктеріне емес,
өздерінің өндірістік мүмкіндіктеріне бағдарланды. Маркетингтің аса маңызды құралдары
тауарды насихаттау, тұтынушылар мен жұртшылықтың көз алдында фирманың жоғары
Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
беделін жасау мен қолдау болады. Сондықтан 50-60 жж. маркетингін көбінесе
жарнамамен және әртүрлі саудагерлерді ынталандырумен байланыстырады.
Өткізу мәселесінің шиеленісуі монополиялардың қарқынды дамуымен байланысты
нарықтағы түбегейлі жылжулар аясында өтті. Бұл жағдайларда айналым аясында да көп
нәрсе өзгерді; өндірістің қол жеткен ауқымдары монополисттерге нарық сыйымдылығын
есептеудің әртүрлі әдістерін қолдануға, белгілі бір шектерде оның тура және жанама
реттеуін жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Маркетинг теориялық концепция ретінде осындай түбегейлі өзгерістерді ұғынуға
арналған. Бұнымен қоса толық нақты тапсырма туындады: бұндай реттеудің құралын
дайындап шығару. Марктингтің бірінші оқу курстары пайда болды, болашақ
бизнесмендерді дайындаудың бағдарламалары құрастырылады, маркетингтің мәселелері
бойынша коммерциялық зерттеу фирмалары, ірі компаниялардың басқарушылық
аппараттарында мамандандырылған бөлімдер ашылады.
Тұтынушының маркетингі. Мамандардың пікірі бойынша, маркетингтің
дамуындағы сапалы жаңа орам 60-80 жж. келеді. Бұл экономикалық дамыған елдердің
индустриалдықтан постиндустриалдық кезеңге өтуімен байланысты. Соңғысы өндіріс
жаппай, ірі сериялы болуын тоқтатып, тұтынушылардың жекеленген сауалдарына көптеп
бағдарланумен сипатталады. Үлкен емес кәсіпорындардың саны өседі, ғылыми-
техникалық ақпараттың ролі артады және т.б. Бұл жағдайларда кәсіпорынның пайдасы
жеке өндірістің қалдықтарының төмендеуіне ғана емес, нарық пен бәсекелестерді, тауар
сапасын зерттеуге және оның нарыққа ойдағыдай жылжытылуын ұйымдастыруға қанша
көңіл бөлінетініне байланысты.
Дамудың бұл кезеңінде маркетингке негізіне нарық пен тұтынушының
қажеттілігіне басым бағдарлану қағидасы қойылды, сәйкесінше, тұтынушыға әсер ете
отырып, оның затқа деген қызығушылығын қоздырып және сатып алуды жасау тілегін
ынталандыра отырып, нарықта сатуға болатын тауарлардың өндірісін ұйымдастыру
қойылды. Бұл жаңартылған концепция сол заманғы маркетингтің мәнісінің өзі.
Маркетинг концепциясы кәсіпорынның қаржы құралдарын және жұмыс күшін,
өткізуді, сатып алушыларға сервистік және техникалық қызмет көрсетуді қолдана
отырып, өндіріс, ғылыми - техникалық зерттеулер және дизайн, капитал салымдары
бағдарламаларын жүзеге асыратындығын қарастырады. Бұл жерде де нарық пен сатып
алушылық сұраныстың дәл және салыстыра тексерілген білімі, жақын және алыс
болашақта олардың өзгерісін бағалау мен есепке алу қажет. Бұнымен қоса өндірісті осы
қорларды қанағаттандыруға бағдарлау, заттардың дайындалуын, шығарылуын және
өткізілуін қамтамасыз ету үшін осы заманға сай маркетингтің аса маңызды
мақсаттарының санына қанағаттандырылмаған сұранысты анықтау жатады.
Батыста нарықтық қарым-қатынастардың қалыптасуын, маркетингтің көзқарасы
бойынша, екі фазаға бөлуге болады. Бірінші фаза үшін тауар өндірушілері бірін-бірі
туралы мүлдем білмей, бір “белгісіз” нарыққа жұмыс істеген кездегі еркін бәсеке тән.
Бұнымен қоса олар өз күш-жігерлерін өндірістің өнімділігін арттыру, кез келген өнімнің
шығарылым көлемін арттыру секілді тапсырмаларға жұмсаған. Екінші фазада жағдай
шұғыл өзгерді: кәсіпкерлер өндірісті, және де нарықтың қажеттілігі мен нақты
тұтынушылардың сұранысы бар тауарларды ғана оларға жақсы “таныс” нарыққа
бағдарлауға ұмтылады.
Маркетинг – бұл кәсіпорынның өндірістік-өткізу қызметін басқару жүйесі. Бірақ
маркетинг концепциясы өзгеріссіз қалмайды, ол нарықтың өзгеретін жағдайларына
бейімделе отырып, үнемі эволюцияланып отырады.
Маркетинг белсенді нарықтық қызмет арқылы қандай да бір фирманың дамуын
көрсетеді. Маркетингке кәсіпкерлік қызметтің маңызды торабына ретінде қарау бір
|