Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет33/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған 
ортаға келтірілген залалды өтеу ерікті түрде немесе жүргізілу тәртібі Экологиялық 
Кодекске сәйкес айқындалатын залалды экономикалық бағалау негізінде сот шешімі 
бойынша жүргізіледі. 
Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіптілікпен байланысты жеке және заңды 
тұлғалар, егер зиянның еңсерілмейтін күш немесе жәбірленушінің теріс пиғылы 
салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, жоғары қауіп көзі келтірген зиянды өтеуге 
міндетті. 
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу нәтижесінде 
келтірілген моральдық зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында 
белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс. 
Қоршаған ортаға зиян келтірген тұлға келтірілген залалды ерікті түрде жоюға не 
өзгеше тәсілмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын 
толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта жазылуға тиіс. 
Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаның өз қаражаты немесе 
сақтандыру төлемдері есебінен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін. 
Зиянды өтеудің құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі 
жай-күйін қалпына келтіруге, табиғи ресурстарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды 
орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығындарды өтеуге 
арналған ақшалай қаражат жатады. 
Тараптардың келісімімен сот шешімі бойынша зиян жауапкерге қоршаған ортаны 
қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді жүктеу жолымен заттай нысанда өтелуі мүмкін. 
Зиянды өтеудің заттай нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі 
жай-күйін қалпына келтіру, жойылған не бүлінген табиғи ресурстың орнына оған құны 
тең ресурс беру жөніндегі шаралар жатады. Зиянды заттай нысанда өтеу келтірілген 
зиянды өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен көлемін регламенттейтін шарт және 
(немесе) келісім жасасу жолымен жүргізіледі. 
Зиянды өтеудің өндіріліп алынатын сомасы мемлекеттік бюджетке, ал Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жәбірленуші тұлғаға 
аударылады. 
Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаны әкімшілік және қылмыстық 
жауапкершіліктен босатпайды. 
Экологиялық дауларды шешу тәртібі: 
-Экологиялық 
дауларды соттар Қазақстан Республикасының заңнамалық 
актілерінде белгіленген тәртіппен шешеді. 
-Экологиялық құқықтық қатынастар субъектілері арасындағы экологиялық даулар 
келіссөздер арқылы, оның ішінде сарапшыларды тарта отырып не тараптардың бұрын 
келісілген дауларды шешу рәсіміне сәйкес шешілуі мүмкін. 
3. Қоршаған ортаны қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері. 
Экологиялық әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктер
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік табиғатты қорғау 
саласындағы аса кең таралған түрлері болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік 
шараларын қолдану үшін негіз әкімшілік қылық жасау болып таыбалды. Қазақстан 
Республикасының 
"Әкімшілік 
құқық 
бұзушылық 
туралы" 
кодесіне 
сәйкес 
мынадай әкімшілік жазалар көзделген: 
1. ескерту жасау; 
2. әкімшілік айыппұл салу; 
3. әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі 
болған заттың өтемін төлеп алып қою; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет