Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет41/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Бақылау сұрақтары: 
 
1.Жер қойнауының, пайдалы қазбалардың құқықтық жағдайының және оны қорғаудың 
түсінігі мен жалпы сипаттамасы.
2.Жер қойнауы мен басқа да пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануды және қорғауды 
қамтамасыз етудің мемлекеттік-құқықтық механизмі.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Президентінің Жарлығы мен 
жер қойнауын және пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануы мен қорғауды қамтамасыз 
ететін басқа да заңдар. 
Қолданылатын әдебиеттер 
1. Байделдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. - Алматы, 
2005. 
2. Ерофеев Б.В. Экологическое право. - Москва, Новый юрист, 1998.
3. Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Алматы, 2003. 
4. Ә.Стамқұлұлы. Қазақстан Республикасының экология құқығы. - Алматы: "Жеті 
жарғы", 1995. 


Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
5. Нургалиева З.Ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. EKMMN 4307 Экологиялык 
құқық, менеджмент және маркетинг негіздері пәні бойынша Астан, Л.Н. Гумилев 
атындағы ЕНУ. 2014.-206 б
Дәріс №8 
Тақырып: Судың құқықтық режимі және оны қорғау. 
Негізгі түсініктер: экологиялық сана, эколгиялық сараптама, экологиялық заң, табиғатты 
қорғау жөніндегі қоғамдық бақылаулар. 
Жоспар: 
1. 
Судың құқықтық режимінің және оны қорғаудың түсінігі мен жалпы сипаттамасы. 
Су кодексі және суларды ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ететін басқа да 
заңдар
2. 
Суды ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз етудің мемлекеттік 
құқықтық механизм жолдары. Суды пайдалану құқығы және оның түрлері. Суды 
мемлекеттік басқару мен оны пайдалануды және қорғауды бақылау. Су кадастры және су 
шаруашылық баланстары. 
Судың құқықтық режимінің және оны қорғаудың түсінігі мен жалпы сипаттамасы. 
Су қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде – Жер биосферасының компоненті, жердегі 
өмірдің табиғи негізі, барлық тірі организмдер мен өсімдіктер дүниесінің өмір сүруін 
қамтамасыз етеді, адамдардың өмір сүру негізі, қоғамның экономикалық, әлеуметтік және 
экологиялық салауаттылығының негізі болып табылады. 
Сулар шектеулі қалпына келтіретін, бірақ зиян шеккіш табиғи ресурс, сондықтан да 
экологиялық заңдар оларды ұтымды пайдалану мен жан-жақты қорғаумен айналысады.
Осыған орай мемлекетімізде ҚР Үкіметі 21.01.2002 жылы «Қазақстан Республикасының 
экономиканың 
су 
секторын 
және 
су 
шаруашылығы 
саясатын 
дамытудың 
тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысын қабылдады. Ондағы қойылып отырған мақсат 
– еліміздің су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану мәселелерін шешудің негізгі 
жолдарын анықтау. 
Су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының 
объектiлерi - Су объектiлерi болып табылады. 
Су кодексі және суларды ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ететін 
басқа да заңдар  
Қоршаған ортада орналасқан химиялық құрамды сулар және су объектілерінен алынған 
суларға қатысты қатынастар экологиялық заңдармен емес, ҚР-ның азаматтық және өзге де 
заңдардың салаларымен реттеледі. 
Су қатынастарын реттеуші заңдар ҚР Конститутциясына негізделіп, ҚР Су кодексінен 
(9.07.2003 ж.); «Мемлекеттiк су кадастрын жүргізу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1378 қаулысы; «Су 
объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргізу, суды мемлекеттiк есепке алу және оны 
пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 
қаңтардағы N 85 қаулысы; «Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы» 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 56 қаулысы; Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 84 «Арнайы су пайдалану 
жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» қаулысы; «Қазақстан 
Республикасында жалпы су пайдаланудың типтiк ережелерiн бекiту туралы» ҚР Ауыл 
шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің 2006 жылғы 9 ақпандағы 
N 18 Бұйрығынан тұрады. 
ҚР Су кодексінің 5-бабы бойынша, шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi 
бедерлерiндегi және жер қойнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет