Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет30/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Бақылау сұрақтары: 
1. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы мен түсінігі. 
2. Экологиялық мониторинг және жүзеге асырудың тәртібі. 
 
Қолданылатын әдебиеттер 
1. Байделдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. - Алматы, 
2005. 
2. Ерофеев Б.В. Экологическое право. - Москва, Новый юрист, 1998.
3. Культелеев С.Т. Экологическое право РК. Алматы, 2003. 
4. Ә.Стамқұлұлы. Қазақстан Республикасының экология құқығы. - Алматы: "Жеті 
жарғы", 1995. 


Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
5. Нургалиева З.Ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. EKMMN 4307 Экологиялык 
құқық, менеджмент және маркетинг негіздері пәні бойынша Астан, Л.Н. Гумилев 
атындағы ЕНУ. 2014.-206 б
Дәріс №6 
Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін 
жауаптылық. 
Дәрістің мақсаты: Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық 
жауапкершілік ұғымын қалыптастыру және оның түрлерімен таныстыру. 
Негізгі түсініктер: экологиялық-құқықтық жауапкершілік, экологиялық құқық 
бұзушылық, құқықты бұзғаны үшін санкциялар, тәртіп бұзудың кінәсі, қоғамдық 
қауіптілік, жазаланатындығы, заңға қарсы бағыт. 
Негізгі сұрақтар: 
1. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік ұғымы. 
2. Экология заңдарын бұзудың түсінігі, құрамы және белгілері 
3. Қоршаған ортаны қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері.
1. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік ұғымы. 
Заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан экологиялық заңнаманы 
сақтаудың маңызды шарты табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны ұтымды пайдалану 
туралы нормалара мен ережелерд бұзғаны үшін жауапкершіліктің мемлекеттік шараларын 
белгілеу болып табылады. Бұл салада заңсыз аң аулау мен су кәсіпшіліктерімен заңсыз 
айналысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істер елеулі саны байқалады. ҚР 
қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің деректері бойынша экологиялық заңды бұзғаны 
үшін жыл сайын айыппұл мен төлем ретінде адамдардан алты жүз миллионнан астам 
теңге алынады. Сонымен бірге жауапкершілік шараларын қолдану тиімді болмай 
отыр.Бұл экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік институты теориясы 
әзірлену деңгейінің жеткіліксіз болуымен түсіндіріледі. 
Осы саладағы жауапкершілік шараларын қолдану, жауапкершілік институты 
жалпы белгілерінің көп болмауымен қатар ол осы заманғы құқық теориясы нормаларымен 
реттеле тұрса да, оның өзінің өзгеше сәттері де бар. Олар экологиялық құқықтың 
айырмашылығы мен оның құқықты, оның құрамдас элементтерінің саласы. Экологиялық 
құқық бұзушылықтарының ұғымы мен реттеу әдістерінің объектісі ретіндегі 
сипаттамасынан туындап отыр.
Экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада болып табылады:
Ол құқықтың реттеудің дербес объектісі мен кіші салаларды біріктіретін құқықтың 
кешенді, ықпалдасқан саласы ретінде сипатталады. Бұл экологиялық заңнаманы реттеудің 
жалпы объектісінің ерекшелігімен байланысты болады, ол табиғат болып табылады. 
Адамды қоршаған табиғат ортасы өзінің құрамдас бөліктерін – жерді, суды, орманды, жер 
қойнауын, жануарлар дүниесі мен атмосфералық ауаны біріктіретін кешен болып 
табылады. Осыдан да экологиялық жауапкершілік шараларын реттейтін нормалар да 
ерекше сипатқа ие болады. Табиғат объектісі туралы әрбір Кодексте жер,су, орман, тау-
кен заңнамаларын және т.б. бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Жауапкершіліктің 
осы шараларын қолданатын мемлекеттік органдар да бар. ҚР “Қоршаған ортаны қорғау 
туралы” заңының қабылдануымен табиғаттың жекелеген объектілері үшін жауапкершілік 
мәселелері бір нормативтік актіге топтастырылған. Сөйтіп, табиғаттың жеке объектісін 
пайдалануды қорғаудың нормалары мен ережелерін бұзу барлық табиғат кешенін бұзу 
деп танылады. Бұдан мынаны аңғарған жөн: Экологиялық-құқықтық жауапкершілік - бұл 
нормалардың екі тобын және оларға тиісті құқық қатынастарын көздейтін құқық 
институтының кешенді салааралық институты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет