Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Қазақстан Республикасының су заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды сақтай
отырып, су объектiлерiн берiлген мақсаттарында пайдалануға;
су объектiлерiн пайдаланудың өзiне тиесiлi құқығын өз қалауына қарай жүзеге асыруға,
бұл орайда, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына, су
объектiлерi мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуге;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен cу қорының жерлерiн
пайдалануға;
су пайдаланушылардың бiрлестiктерiн, одақтарын (қауымдастықтарын) және басқа да
коммерциялық емес ұйымдарын құруға;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы
қызметiн жүзеге асыру үшiн су объектiлерiнiң жай-күйi туралы ақпарат алуға;
берiлетiн судың сапасы мен мөлшерiн тексеруге;
су пайдалануға өз құқықтарын қорғауға;
белгiленген су беру лимитi мен режимiне сәйкес құқықтардың, соның iшiнде су алу
құқықтарының бұзылуынан келтiрiлген зиянды өтеттiруге;
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы заңдарында
көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Су пайдаланушылар:
су ресурстарын ұтымды пайдалануға, судың ысырабын қысқартуға шаралар
қолдануға;
су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына ұқыпты қарауға, оларға зиян
келтiрiлуiне жол бермеуге;
белгiленген су пайдалану лимиттерi мен режимдерiн сақтауға;
басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен
мүдделерiнiң бұзылуына жол бepмeугe;
судың жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық
құрылғыларды ақаусыз күйiнде ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға, су
ресурстарын пайдалануды есепке алуға;
су қорғау iс-шараларын жүзеге асыруға;
арнайы су пайдалануға рұқсатта белгiленген су пайдалану шарттарын, сондай-ақ
бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгiленген мерзiмде толық көлемiнде
орындауға;
белгiленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына жол бермеуге;
су объектiсiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша
пайдалану туралы анық және толық ақпаратты мемлекеттiк органдарға уақтылы ұсынуға;
су үнемдеушi технологияларды, суарудың озық техникасын, сумен жабдықтаудың
айналымдық және қайталама жүйелерiн енгiзуге шаралар қолдануға;
жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеуге;
су объектiлерiнiң су қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және өзге де
қызметтiң белгiленген режимiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның жәнежер
қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi негiздемесi мен
шешiмiнсiз ауыз су сапасындағы суды өндiрiстiк және басқа мұқтаждарға пайдалануға
жол бермеуге;
су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында өнеркәсiп қауiпсiздiгiнiң
талабын сақтауға;
су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында жеке тұлғалардың
қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге;