Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Жердің алғашқы атмосферасы сутегінен, метаннан, аммиактан, су буларынан және гелий,
неон сияқты инертті газдардан құралған. Жерде тіршіліктің пайда болуымен байланысты
бұрынғы газдар жер қойнауынан және өсімдіктерден бөлінген күкіртті сутегі мен көмір
қышқыл газдарымен толықты. Сөйтіп, екінші атмосфера пайда болды.
Алғашқы
микроорганизмдер бірте–бірте сутегін, метанды, аммиякты, күкіртті сутегін азайта түсті.
Атмосфераның қазіргі газ құрамы биосфераның көп жылғы эволюциясының (дамуының)
нәтижесі. Организм қазір оған бейімделіп алды, енді газ құрамының
кез келген өзгерісі
олардың өмір сүру жағдайына әсер етпей қоймайды.
Адам ауасыз өмір сүре алмайды. Ол таза болсын, лас болсын ауамен дем алуы қажет.
Адам тамақ ішпей 5 апта, су ішпей 5 күн өмір сүре алады, ал ауасыз 5
минут та тұра
алмайды. Бір тәулік ішінде бір адам 25 кг, немесе 10-11 мың литр ауаны өкпесі арқылы
өткізеді. Ауа жануарлар мен өсімдіктер үшін қажет екендігі бәрімізге мәлім. Мұндай ауа
құрамы атмосфераның төменгі қабатында. Ал 1000 км-ден
жоғары жағында тек қана
гелийден (He), ал 2000 км-ден жоғары тек сутегінен (H) тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: