Ең төменгі Жер бетіндегі қабат қалай аталады? Ең төменгі Жер бетіндегі қабат тропосфера деп аталады. Ол атмосфералық ауаның 84
пайызын құрайды, барлық метеорологиялық процесс: бұлттардың пайда болуы және
тұманның, жел мен дауылдың болуы, қар мен жауынның жаууы осы қабатта.
Экологиялық құқықтың объектісі ретінде атмосфералық ауаны түгелдей таба алмаймыз,
бұл тек жерге жақын орналасқан қабатына (тропосфераға) ғана таралады. Ал тұрғын үй
ішіндегі, баллондардағы немесе компрессорлардағы ауаны экологиялық құқықтың
объектісі ретінде қарастыра алмаймыз.
Атмосфералық ауаның заңмен қорғалатын басқа да табиғи объектілерден ерекшелетін
өзіндік қасиеттері болады:
атмосфералық ауаны экономикалық тұрғыдан тиімді, ұтымды пайдалану механизмі
нормативтік құқықтық актілерде толықтай қарастырылмаған;
атмосфералық ауа өзінің табиғи қасиеттеріне байланысты мемлекеттің, заңды
тұлғалардың немесе азаматтардың меншігінде болмайды. Оған ешкімнің билік етуіне,
басқаруына құқығы жоқ;
3) атмосфералық ауаны қорғау әрбір адамның, сондай-ақ бүкіл адамзаттың мүддесін
қозғайтын ғаламдық проблемалардың бірі – экология мәселесі болып табылады.
Атмосфералық ауа саласындағы заң шыруашылық үрдісі төмен дәрежеде дамыған.
Атмосфералық ауаны тиімді пайдалануда және қорғауда көптеген ақаулықтар кеткен.
Бұл негізінен экология саласында құқық теориясының артта қалуымен түсіндіріледі.
Атмосфералық ауаны ластау бұрыннан жалғасуда, жалпыодақтық заңдарды қарастыратын
болсақ, дәлірек айтқанда, КСРО-ң Ауа кодексі және КСРО-ң ауа кеңістігіндегі
ұшақтардың ұшуы туралы негізгі ережелерін алатын болсақ, бұл құқықтық актілер
Республикалардың тек өздеріне тән табиғи-географиялық, территориялық, ұлттық
ерекшелік қасиеттерін ескермеген. Жоғарыда айтылған құқықтық актілердің басты
кемшіліктері қатарына келесілерді жатқызуға болады: олардың қайталануы, яғни
азаматтық заңдылықтарының, дәлірек айтсақ, тасымалдау шартты екеуі бір-бірінің
көшірмесі болған және келтірілген зиян үшін жауапкершіліктің толық түрде көрсетілмеуі.
КСРО тарағаннан кейін атмосфералық ауаны қорғау және пайдалану саласындағы заң
шығарушылық үрдісі ешқандай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Бірқатар ТДМ елдерінде
атмосфералық ауаны қорғау және пайдалану заңдылықтары бұрынғы жағдайында
ешқандай өзгерістерсіз қала берді.
Көптеген ғалымдар «атмосфералық ауа» ұғымына қатысты өздерінің көзқарастарын
білдіріп кеткен. В.Э.Грабарьдың пікірінше: «ауаны зат мағынасында түсіну қажет, бұл
негізінен жер бетіндегі тірі организмдердің өмір сүруіне өзінің ықпалын тигізеді»,- деген.