Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет46/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Су пайдалану лимиттерін уәкілетті орган жылдың сулылығын, су объектілерінің 
экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін ескере отырып, жыл сайын 
нақтылайды. 
Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi
-ұзақ уақыт ықпал етуi су объектiсiнiң экологиялық жүйесiнiң өзгеруiне әкеп 
соқтырмайтын антропогендiк жүктеменiң жол берiлетiн шектi мөлшерiне; 
-су объектiсiне және оның су жинау алаңына түсуi мүмкiн зиянды заттардың жол 
берiлетiн көлемi мен шоғырлануына сүйене отырып белгiленедi. 
Су объектiлерiнiң сапалық жай-күйiн нашарлататын және пайдаланылуын қиындататын 
заттардың немесе ластаушы нәрселердiң су объектiлерiне тасталуы немесе өзге де 
тәсiлмен түсуi су объектiлерiнiң ластануы деп танылады. 
Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және 
экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы 
мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн сақтау үшiн 
ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi. 
Ауыз сумен жабдықтау, емдеу, курорттық және халықты сауықтырудың өзге мұқтаждары 
үшiн пайдаланылатын суларды қорғау мақсатында облыстардың (республикалық маңызы 
бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары санитарлық қорғау аймақтарын 
белгiлейдi. 
Су заңдарын бұзған үшін жауапкершілік 
Су қорын қорғау, пайдалану саласындағы заң бұзушылықтар үшін келесідей заңды 
жауапкершіліктердің түрлерін туындатады: әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық 
(материалдық) және тәртіптік. 
ҚР су кодексі 1139-бапта су заң бұзушылықтарының тізімін бекітеді.
Cу қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заң бұзушылықтар мыналар болып 
табылады: 

су объектiлерiн өз бетiнше басып алу, өз бетiнше су пайдалану, су пайдалану 
құқығын қайта табыстау, лимиттердi бұзып су алу, гидротехникалық жұмыстарды өз 
бетiнше жүргiзу, су объектiлерiнен өндiрiлген немесе бөлiнген жер асты және жер үстi 
суларын қырсыздықпен пайдалану, су қорғау және су шаруашылығы белгiлерiн жою; 

жер үстi және жер асты суларының, ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң ластануы, 
қоқыстануы және сарқылуы, су жиналымдарында олардың ластануын, топырақтың су 
эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстарды туғызатын су қорғау режимiнiң бұзылуы; 

судың ластануын және қоқыстануын немесе олардың зиянды әсерiн болғызбайтын 
құрылыстары мен қондырғылары жоқ кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да 
объектiлердi пайдалануға беру; 

судың ластануынан, қоқыстануынан және сарқылуынан қорғауды, сондай-ақ су 
режимiнiң жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, 
орман-мелиорациялық, санитарлық және басқа да iс-шаралардың жүргiзiлмеуi; 
Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заңдарының 
бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты 
болады. 
Құқық 
бұзушылықтардың 
зиянды 
салдарларының 
мөлшеріне 
қарай 
заңды 
жауапкершіліктер бойынша санкцияларды қолдану үшін су заңдары әкімшілік
қылмыстық, азаматтық, еңбектік заңдарға сілтеме жасайды. 
ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде суды пайдалану және қорғау 
саласында жасалған құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілік 276-281-
баптарда қарастырылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет