Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет72/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақта, оның күзет аймағында ерекше қорғалатын 
табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы 
Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман 
заңнамасын бұзған адамдарды ұстауға және оларды құқық қорғау органдарына 
жеткiзуге; 
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның күзет аймағында көлiк және суда жүзу 
құралдарын тоқтатуға, оларға тексеру жүргiзуге; 
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және 
пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан 
Республикасының орман заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен атыс қаруын, заңсыз олжалаған 
өнiмдi және оны олжалау құралын, көлiк және суда жүзу құралдарын алып қоюға; 
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен арнайы 
құралдар мен қызмет қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға; 
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айырым 
белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар. 
2. Табиғат қорғау мекемелерi мемлекеттiк инспекторларының iс-әрекеттерiне 
(әрекетсiздiгiне) және олардың шешiмдерiне жоғары тұрған мемлекеттiк органдарға 
немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн. 
3. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды 
киiммен (погонсыз), арнайы құралдармен және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi. 
4. Табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары өз құзыретiне сәйкес 
мынадай актiлер: 
1) тексеру өткiзу нәтижелерi бойынша акт; 
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама; 
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және 
пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан 
Республикасының орман заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы ұйғарым; 
4) мынадай: 
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және 
пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан 
Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кiнәлi тұлғаларды әкiмшiлiк 
жауапкершілікке тарту туралы; 
сот шешiмi шығарылғанға дейiн уақытша сақтау үшiн атыс қаруын, олжалау 
құралдарын, заңсыз олжаланған өнiмдi, көлiк және суда жүзу құралдарын алып қою 
туралы қаулылар жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет