Экологиялық менеджмент - қоршаған ортаны қорғауды әкiмшiлiк басқару, ол
кәсiпорынның экологиялық саясатын әзiрлеуге, енгiзуге, орындауға, талдауға және
қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, жауапкершiлiктi, әдiстердi,
рәсiмдердi, процестер мен ресурстарды қамтиды.
Әлемдік нарықта өнім сапасы мен қауіпсіздігі кепілдіктерінің бірі ISO, ОНSАS,
SА және басқа да халықаралық стандарттар бойынша менеджмент жүйелерін енгізу
болып табылады.
Менеджмент жүйесіне арналған стандарттар сапа мәселелерінде басшылар мен
мамандардың аса жоғары құзыреттілігіне және оларды арнайы дайындауға бағытталған,
өндірісті ұйымдастыру және процестерді басқаруда жаңа тәсілдерді іздестіруді талап
етеді.
1992 ж. Рио-де-Жанейрода өткен форумда экологиялық бағдарланған басқару
саласында жаңа халықаралық стандарттарды дайындау туралы шешім қабылданды.
Экологиялық басқару және менеджмент жүйесінде басты талап кәсіпорынның
экологиялық қызметі, немесе үлкен емес өндірістер кезінде тиісті тапсырмалар шешуге
өкілеттенген жекелеген білікті маман (менеджер) болып табылады. Тәжірибеде
кәсіпорынның немесе өкілеттенген маманның экологиялық қызметінің жағдайы бойынша
ажыратылатын экологиялық басқару және менеджмент жүйелерінің құрылымының негізгі
төрт түрі кездеседі:
Экологиялық менеджмент саласындағы экологиялық қызметтің немесе маманның
болмауымен құрылым;
Экологиялық қызмет (менеджердің лауазымдық міндеттері) кәсіпорынның қандай
да бір басқа бөлімшесімен (басқа лауазымдық міндеттермен) бірлестірілген құрылым;
Экологиялық қызмет (менеджер) жеке бөлімшеге (лауазымға) бөлінген құрылым;
экологиялық қызмет дәрежесі бойынша кәсіпорын директорының орынбасарына
тең жетекшімен жеке бөлімшеге бөлінген.
Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті