Басылым: жетінші


Пәннің оқу-әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет75/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Тиімділігі неғұрлым азы бірінші түрдің экологиялық басқару және менеджменті 
құрылымы болып табылады. Бұл жағдайда өндірістік экологиялық тапсырмалардың 
шешімі қосыша жүктеме ретінде белгілі бір лауазымды тұлғаға жүктелген. Бұл бас 
инженер, бас технолог және басқалары болуы мүмкін. Бұл лауазымды тұлғалар бірінші 
кезекте өздерінің тікелей міндеттерін атқаратындықтан, барлық табиғатты қорғау
қызметі табиғатты қорғаудың қолданыстағы заңнамасының заңды талаптарын орындауға
апарады, мысалы, қажетті есептілікті толтыруға жатқызылады.
Екінші түрдің құрылымы үшін бөлімшенің немесе экологиялық басқару және 
менеджмент сұрақтарымен айналысатын жеке маманның болуы тән. Бұнда олардың 
функциялары басқа функциялармен (лауазымдық міндеттермен) бірлестірілген. Мысалы, 
бір бөлімшеде экологиялық қызмет және еңбекті қорғау қызметінің, не болмаса 
экологиялық қызмет пен ортаны қорғау құрал – жабдығын пайдалану қызметінің
бірлестірілуі жиі болып тұрады. Бұл түрдің экологиялық басқару және менеджмент 
жүйелері үшін келесі кемшіліктер тән: 

кәсіпорын қызметінің экологиялық аспектілеріне жеткілікті көңіл бөлмеу; 

табиғатты қорғау қызметін тәжірибеде жүзеге асыру үшін уақыт пен 
ресурстардың шектеулілігі; 

бастамалық қызметтің мүмкіндіктерін шектейтін міндеттердің үлкен көлемі; 

экологиялық қызметтің абыройының жетіспеушілігі. 
Экологиялық басқару және менеджмент жүйесінің үшінші түрінде экологиялық 
қызмет (экологиялық менеджмент саласындағы маман) кәсіпорынның жеке бөлімшесіне 
бөлінген, өзінің жетекшісі бар, бірақ бұнымен қоса кәсіпорынның иерархиялық 
құрылымында жеткілікті беделге ие емес.
Үшінші түрдің экологиялық басқару және менеджмент жүйелері үшін экологиялық 
қызметтің қызмет ету тиімділігі өндірістік басқару мен менеджменттің жалпы жүйесіндегі 
бағыныштылық пен орнына байланысты болатындығынан тұратын бір кемшілікті бөліп 
көрсетуге болады. Сонымен қатар экологиялық басқару және менеджмент 
құрылымының бұл түрі маңызды артықшылықтарға ие болады

экологиялық қызметті кешенді және толыққанды жүзеге асыру мүмкіндігі; 

экологиялық қызметтің неғұрлым жоғары абыройы; 

экологиялық мәселелерді толықтай зерттеу. 
Анағұрлым тиімді және экологиялық менеджменттің артықшылықтарын қолдануда 
ең үлкен потенциалды мүмкіндіктерге ие төртінші түрдің жүйесі болып табылады, онда 
экологиялық қызмет жеке бөлімшеге бөлінген, ал оның жетекшісі кәсіпорынның көлеміне 
қарай лауазымы бойынша директордың орынбасарына немесе бас инженердің 
орынбасарына тең. Бұндай құрылымдар үшін келесі артықшылықтар тән: 
- экологиялық қызметті едәуір кешенді түрде, тиімді және толық жүзеге асыру 
мүмкіндігі; 
- кәсіпорында негізгі өндірістік және экологиялық мақсаттар мен тапсырмаларды 
тиімді бірлестіру; 
- әртүрлі және экономикалық тиімді экологиялық қызметті жүзеге асыру. 
Қызметті 
ұйымдастыру 
тәсілі 
бойынша 
кәсіпорынның 
экологиялық 
қызметтерінің келесідей бөлінуі мүмкін: 
1. 
Қызметкерлердің міндеттерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері бойынша 
бөлінген жіктелген түрлік экологиялық қызметтері. Бұндай түрдің көптеген қызметтері 
үшін:

атмосфералық ауаны қорғаумен; 

су ресурстарын тиімді пайдаланумен және қорғаумен; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет