Байланысты: Топ басшылықты психологиялық түрде қабылдау, оны қалай түсінеді
жанжалдың өзге де көрiнiстерiне әкелуi мүмкiн.
Қайсыбiр тұлғаның ұйымдағы немесе топтағы мәртебесiлауазымның деңгейi, бiлiмi, әлеуметтiк дарыны, жинақталған тәжiрибесi сияқты бiрқатар факторлармен анықталады. Бұл факторлар топтағы құндылықтар мен нормаларға байланысты мәртебенi арттыруы немесе төмендетуi мүмкiн.
Топ жұмысының тиiмдiлiгiн анықтайтын маңызды фактор оның әрбiр мүшесiнiң мiнез-құлқы болып табылады. Топ тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн оның мүшелерi мақсатқа жету мен әлеуметтiк әрекеттестiкке мүмкiндiк туғызатындай түрде өздерiн ұстауы тиiс. Қалыпты жұмыс iстейтiн топты құруға арналған рөлдердiң екi негiзгi бағыты бар. Мақсатты рөлдертоптық мiндеттердi таңдап алып, оларды орындауға мүмкiндiк болатындай етiп бөлiнедi. Қолдаушы рөлдер топтың өмiрiн және қызметiн қолдау мен белсендi етуге мүмкiндiк туғызатын мiнез-құлықты бiлдiредi.