Байланысты: Топ басшылықты психологиялық түрде қабылдау, оны қалай түсінеді
Топ туралы түсінік. Жаратылысы бойынша адамдар өзiне ұқсастармен қарым-қатынасқа мұқтаж. Егер адамдар ұзақ уақыт тiкелей қарым-қатынаста болып, өзара әрекеттессе, онда олар бiр-бiрiнiң бар екендiгiн психологиялық түрде сезiне бастайды. Басқа адамдар ол туралы ойлайтындығын және одан ненi күтетiндiгiн сезiну адамды өзінің мiнез-құлқын өзгертуге мәжбүр етедi. Осы әлеуметтiк процесс топтардың қалыптасуына әкеледi.
Топ – бұл әрбiр тұлға өзгелерге ықпал ете отырып, бiр мезгiлде өзге тұлғалардың ықпалында болатындай бiр-бiрiмен әрекеттесетiн екi немесе одан да көп тұлғалардың бiрлесуi.
Кез келген көлемдегi ұйым бiрнеше топтардан тұрады. Еңбектi көлденеңiнен (бөлiмшелер) және тiгiнен (басқару деңгейлерi) бөлген кезде басшылық өз еркiмен топтарды құрады. Өндiрiс процесiн ұйымдастыру үшiн басшылық еркiмен құрылған мұндай топтар ресми топтар деп аталады. Қаншалықты кiшi болғанына қарамастан, бұлар ұйымға қатысты олардың басты қызметi нақты мiндеттердi орындау мен белгiлiктi, нақты мақсаттарға жету болып табылатын ресми ұйымдар. Ұйымда ресми топтардың үш негiзгi тұрпаты бар:
басшылар тобы;
жұмысшы топ;
комитеттер.
Әмiршiл басшылар тобыбасшыдан және, өз кезегiнде олар да басшы болуы мүмкiн, оның тiкелей қарамағындағылардан тұрады.