Басшылар тобы басшыдан және, өз кезегiнде олар да басшы болуы мүмкiн, оның тiкелей қарамағындағылардан тұрады. Жұмысшы (мақсатты) топ



бет2/6
Дата28.02.2022
өлшемі22,59 Kb.
#26603
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Топ басшылықты психологиялық түрде қабылдау, оны қалай түсінеді

Жұмысшы (мақсатты) топ әдетте бiр тапсырма бойынша бiрге жұмыс iстейтiн адамдардан тұрады. Оларда ортақ басшы бар болғанымен, бұл топтар өз еңбегiн жоспарлау мен жүзеге асыруда оларда бiршама көп дербестiк болуымен әкiмшiл топтардан ерекшеленедi.

Комитет - бұл қандай да бiр тапсырманы немесе тапсырмалар кешенiн орындау үшiн өкiлеттiк берiлген ұйымның iшiндегi топ. Кейде комитеттер кеңестер, мақсаттық топтар, комиссиялар немесе командалар деп те аталады. Алайда барлық жағдайларда комитеттi өзге ұйымдық құрылымдардан ерекшелейтiн топтық шешiм қабылдау мен iс-әрекеттi жүзеге асыру ұғынылады.

Комитеттердiң екi негiзгi түрi бар:



  1. арнайы комитет - белгiлiктi мақсатты орындау үшiн құрылған уақытша топ;

  2. тұрақты комитет - нақты мақсаты бар, үздiксiз жұмыс iстейтiн ұйым iшiндегi топ.

Басқарудың бұл тұрпатын бiр басшыға қарағанда бұл жұмысты топ жақсырақ iстей алатын болғанда, немесе барлық билiктi бiр адамның қолына беру тәуекелдi болғанда пайдаланған жөн. Басшылық комитетке жеке адамға сияқты өкiлеттiктi табыстайды. Жекелеген адамдар секiлдi комитеттер де оларға өкiлеттiктердi табыстағандар алдында оларға берiлген тапсырманың орындалғаны туралы есеп беруi тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет