Байланысты: Топ басшылықты психологиялық түрде қабылдау, оны қалай түсінеді
3.Топтардың тиiмдiлiгiн арттыру жолдары Топтар келесi факторлардың ықпалына байланысты өз мақсаттарына барынша немесе мейлiнше тиiмдi жетуi мүмкiн:
көлем;
Негiзiнен топтың көлемi артқан сайын оның мүшелерi арасында қарым-қатынас күрделенiп, топтың қызметi және оның мiндеттерiн орындаумен байланысты сұрақтар бойынша келiсiмге келу барынша қиындай түседi. Топ көлемiнiң артуы, сондай-ақ үйлеспейтiн мақсаттардың пайда болуына әкелуi мүмкiн, топтың топшаларға бейресми бөлiну тенденциясын күшейтедi. Зерттеулер көрсеткенiндей, ең ұтымды топ 5-8 адамнан тұрады. Мұндай топтар саны жағынан аз немесе көп топтарға қарағанда әдетте барынша дәл шешiм қабылдайды. Бес адамнан тұратын топ мүшелерi жұмыспен барынша қанағаттанғандылық танытады.
Бұл жерде құрам астарында тұлғалар мен мәселелердi шешу кезiндегi олардың бiлдiретiн көзқарастарының ұқсастық дәрежесi ұғынылады. Сұрақты топтың талқысына салудың басты себебi оңтайлы шешiм табу үшiн түрлi көзқарастарды пайдалану болып табылады. Сондықтан да топ ұқсамайтын тұлғалардан тұрғаны жақсы деп есептеледi. Себебi бұл топ мүшелерiнiң көзқарасы ұқсас болғанға қарағанда тиiмдiрек болады.