Бастайық Жұмыс дәптерінде



бет16/17
Дата09.11.2022
өлшемі15,76 Mb.
#48722
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Жұмыс дәптер 1

3-сұрақ. «Егіс алқабы үлкен болса, әрқашанда мол өнім алынады» деген тұжырым дұрыс па? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Бұл сауалдың жауабы екі бөлімнен тұрады:
1 – тұжырым дұрыс немесе қате;
2 – өз таңдауын түсіндіру.


Сұрақтың бірінші бөліміне жауап беру үшін 2 кестедегі деректерді талдау керек.
Алдымен, екі кестеде де елдер мәндердің кему ретімен: үлкенінен кішісіне қарай орналастырылған. Әрі қарай елдердің құрамын талдап, мемлекеттердің басым көпшілігі екі кестеде де бар екенін, бірақ ауытқулардың да бар екенін көреміз.
Екі кестеде де рейтингідегі алғашқы 5 ел бірдей. Демек, рейтингілерді салыстыру керек. Енді осы таңдамада тексереміз: мақта алқабы мен өндірісі бойынша рейтингідегі орны сәйкес келе ме?
Ең үлкен алқаптар Үндістанда болғанымен, өндірістегі көшбасшы ел Қытай екенін көреміз. Бұл ретте егіс алқабының ауданы бойынша Қытай 3-орында, ал мақта өндірісі бойынша Үндістан 3-орында тұр. «Егіс алқабы үлкен болса, әрқашанда мол өнім алынады» деген тұжырым қате деп қорытынды жасауға болады.

Сұрақтың жауабы:

  1. тұжырым қате;

  2. ең үлкен алқаптар Үндістанда, ал өндірістегі көшбасшы ел – Қытай.



4-сұрақ. Берілген елдердің қайсысы ірі мақта өндірушілері болып табылады? Жауапқа елдердің нөмірін көрсететін цифрларды жазыңыз.

  1. Мали

  2. Үндістан

  3. Нигерия

  4. Қытай

  5. АҚШ

  6. Түркіменстан



Бұл сұраққа жауап беру үшін, мәтіннің қажетті ақпарат жазылған бөлігін – «Мақта өндірісі жылдар бойынша» кестесін таңдау қажет.


Кестеде 10 ел бар. Берілген елдердің ішіндегі 3 ел: Қытай, АҚШ пен Үндістан кестеде көрсетілген. Олар жоғарғы үш орынға жайғасқан. 1985 жылдан 2005 жылға дейін олар кестеде берілген елдердің арасында көшбасшы болып тұр. Жауабы: Қытай, АҚШ, Үндістан.



Осы тапсырманы орындау арқылы неге көз жеткіздік? Пәндік білім алу үшін оқу стратегияларын қолданып, оқу әрекеттерін меңгеру қажет.



Екі кестесі бар ұсынылған мәтін – оқулығыңыздағы параграфтың үзіндісі деп ойлаңыз.


Тапсырмалар – сіз оқушыларға дайындаған тапсырмалар.


Бір уақытта:
оқушылардың оқу біліктері дамып, оқу стратегияларын меңгеруі;
пәндік білімі қалыптасуы үшін мәтіндермен жұмысты қалай ұйымдастырасыз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет