«МАҚТА» ТАПСЫРМАСЫ Табиғи жағдайларда мақта дақылы әртүрлі пішінде кеңінен таралған. Ол – бұта пішіндес биік (200 см-ге дейін) сабақтар түрінде өсетін өсімдік. Жапырақтары орташа, тілімделген әдемі тақташалары бар. Гүлі шағын, бояуы алабажақ емес (сары, ақ немесе ақшыл сары); жемісі – тұқымы пісіп-жетілетін қауашақ. Әр тұқымда 15 мыңға дейін жұқа, нәзік талшық түзіледі, олар кейін мата өндіру үшін қолданылады. Мақта дақылының барлық түрі аса жылусүйгіш келеді. 1–2°С үсік ұрса, өсімдік солып қалады әрі көктемде – вегетацияның бас кезінде де, күзде де қурап қалуы мүмкін. Мақта жетілген тамыр жүйесінің арқасында қуаңшылыққа төзімді болады. Өсімдік ылғалсыз-ақ өсе береді, бірақ мол өнім бермейді. Мақта – сұр топырақты, сілтілі-батпақты және сорланған топырақты ұнататын жарықсүйгіш өсімдік. Төменде әртүрлі елдердегі мақта егілетін алқаптар мен жиналған өнім бойынша деректер келтірілген.
1-сұрақ. Берілген суреттерден мақтаның суретін таңдаңыз.
Егер оқушы мақтаның қалай өсетінін көрген болса, мәтінге қарамай-ақ, сұраққа жауап бере алады. Бұл – өз тәжірибесінен алған білімін – мәтіннен тыс білімді қолдану дегенді білдіреді. Егер мақтаның қандай болатынын білмесе немесе білетініне сенімді болмаса, мәтіннен қарайды.
Мәтіннен мақтаның сипаттамасын тауып, 4 суретпен салыстыру арқылы сипаттамаға сәйкес келетін өсімдікті таңдау керек. Әрине, мұнда мәтіннен тыс білімді, мысалы, қауашақ деген не екенін пайдалану керек. Жауабы: 1. 2-сұрақ. Қандай климаттық себептер мақтаның аз өнім беруіне алып келуі мүмкін?
қысқамерзімді қуаңшылық