Оқулықтан мәтінмен жұмыс істеуге бағытталған тапсырманы таңдап алыңыз.
Міндетті және қосымша 3 сұрақтан тұратын жетекші диалог құрастырыңыз.
Тапсырма
|
|
Мәтіннің скриншоты, фотосуреті
|
|
Жетекші диалог
Міндетті сұрақ
(3 қадамдық схемадағы)
|
Қосымша сұрақ
|
Оқушының болжалды жауаптары
|
1. Мәтіннен нені түсіну керек?
|
|
|
|
|
|
2. Сұраққа қалай жауап беру керек?
|
|
|
|
|
|
3. Өз жауабыңызды қалай дәлелдейсіз?
|
|
|
|
|
|
Оқу сауаттылығы
Оқу сауаттылығы – адамның мәтіндерді түсінуге, пайдалануға, бағалауға, олар туралы ойлануға, сондай-ақ өз мақсаттарына қол жеткізу, өз білімі мен мүмкіндіктерінің аясын кеңейту, әлеуметтік өмірге араласу үшін оқумен айналысу қабілеттілігі1.
Прагматикалық мақсаттарға басымдық беріледі.
Қазіргі қоғамда оқу сауаттылығын қалыптастыру және дамыту тұрғысынан алғанда, мынадай анықтама анағұрлым дәлірек болады:
Оқу сауаттылығы (оқу, жазу, сөйлеу; тіл/ана тілі + шетел тілдері) – әртүрлі мәтіндік және визуал форматтардағы, оның ішінде цифрлық ортадағы табиғи тілдердегі хабарламалардың мәнісін ашу және мағыналы хабарламалар құру қабілеті (оқу және визуал сауаттылығы + цифрлық сауаттылық).2
Осы анықтамадан оқу сауаттылығының практика ретінде оқумен ғана емес, жазумен де байланысты екенін білетін боламыз.
Оқу біліктері – когнитивтік стратегиялар және мәтінмен жұмыс істеу тәсілдері.
Оқу біліктері өзара тәуелді:
қандай да бір ақпарат бірліктерін олар мәтіннен алынбайынша өзара байланыстыру және түсіндіру мүмкін емес;
мәтіндегі ақпарат бірліктері өзара байланыстырылып, түсіндірілмейінше, хабарламаны зерделеу және бағалау мүмкін емес.
Оқу біліктерінің байланысы схемада берілген.
Сурет авторы – Г.А. Цукерман3
Достарыңызбен бөлісу: |