Бастайық Жұмыс дәптерінде


-білік. Ақпаратты түсіну – интеграциялау және түсіндіру



бет7/17
Дата09.11.2022
өлшемі15,76 Mb.
#48722
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
2-білік. Ақпаратты түсіну – интеграциялау және түсіндіру
Осы білікке қатысты әрекеттер мәтіннің жалпы түсінігін тұжырымдауға және мәтіндегі ақпаратты оқырман тіліне аударуға мүмкіндік береді. Оқырман осы фрагменттерді біртіндеп біртұтас көрініске біріктіреді.

Әрекеттер

2.1 Фактологиялық ақпаратты түсіну (сюжет, оқиғалардың сабақтастығы және т.с.с.).


2.2 Мәтіннің мағыналық құрылымын түсіну (тақырыбын, негізгі ойын/идеясын, мәтіннің мақсатын айқындау).


2.3 Контекске сүйеніп, бейтаныс сөздердің немесе сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.


2.4 Оқиғалар немесе тұжырымдар арасындағы жасырын байланысты анықтау (себеп-салдарлық қатынастар, аргумент – қарсы аргумент, тезис – мысал, ұқсастық – айырмашылық қатынастары және т.б.).


2.5 Визуал кескінді вербал мәтінмен сәйкестендіру.


2.6 Мәтіннің жекелеген бөлімдерін жалпылау негізінде тұжырым жасау.


2.7 Кейіпкерлердің сезімін, уәждерін, мінез-құлқын түсіну.


2.8 Тұжырымдамалық ақпаратты (автордың көзқарасын, қарым-қатынастағы ниетін) түсіну.





3-білік. Мәтіннің мазмұны мен нысанын зерделеу және бағалау
Үшінші білікті құрайтын әрекеттерді орындай отырып, оқырман салыстыру, қарсы қою және ұйғарым жасау үшін мәтіндегі хабарламаны өз тәжірибесімен немесе білімімен салыстырады. Бағалау пайымы оқырманның жеке қағидалары мен мақсаттарына негізделеді. Сондай-ақ ақпараттың дәйектілігі бағаланады. Мәтіндегі ақпараттың сапасы мен дәйектілігін бағалау үшін ақпарат дәйекті, өзекті, дәл әрі үстірт емес пе – осыны анықтап алу қажет.
Ақпараттың дәйектілігін айқындау оқырманнан ақпарат көзін бағалауды талап етеді. Тәжірибелі оқырман автордың құзыретті және осы мәселеден жеткілікті дәрежеде хабардар екенін немесе олай емес екенін анықтай алады. Оқыған ақпараттың сапасы мен дәйектілігін бағалау оқырманнан мазмұнды авторлық, мәтін құраған уақыт пен ондағы көзделген мақсат секілді қосалқы ақпаратпен салыстыруды талап етеді.

Әрекеттер

3.1 Мәтін мазмұнын немесе оның элементтерін (мысалдарын, аргументтерін, иллюстрацияларын және т.с.с.) автордың көздеген мақсаттарына қатысты бағалау.


3.2 Мәтін нысанын (құрылымын, стилін және т.б.), автор қолданған тәсілдердің дұрыстығын бағалау.


3.3 Мәтіннің құрылымдық бірлігінің мақсаты мен міндетін түсіну.


3.4 Ақпараттың толықтығын, дәйектілігін бағалау.


3.5 Бір немесе бірнеше мәтіндегі қарама-қайшылықтарды анықтау.


3.6 Мәтінде талқыланған мәселеге қатысты өз көзқарасын айту және негіздеу.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет