Бастайық Жұмыс дәптерінде


-білік. Мәтіндегі ақпаратты әртүрлі мақсатта пайдалану



бет8/17
Дата09.11.2022
өлшемі15,76 Mb.
#48722
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Жұмыс дәптер 1

4-білік. Мәтіндегі ақпаратты әртүрлі мақсатта пайдалану
Оқырман алынған мәліметтерді, қалыптасқан пікірін практикалық міндеттерді шешу үшін пайдаланады, гипотеза шығарады, құбылысты түсіндіреді, оқылған мәтінді шындықпен салыстырады.

Әрекеттер

4.1 Мәтіннен алынған ақпаратты практикалық міндетті (сапарларды жоспарлау, телефонды таңдау және т.с.с.) фондық білімді қатыстырмай шешу үшін пайдалану.


4.2 Мәтіннен алынған ақпаратты практикалық міндетті фондық білімді қатыстыра отырып шешу үшін пайдалану.


4.3 Мәтіннен алынған ақпаратқа сүйеніп, өз гипотезасын тұжырымдау.


4.4 Мәтіндегі ақпараттың негізінде оқиғаларды, процестің өту барысын, эксперимент нәтижелерін болжау.


4.5 Мәтінде талқыланған, құбылыстардың бірдей класына жататын жаңа құбылыстың түсіндірмесін ұсыну (оның ішінде бір саладан екіншісіне көшіре отырып).


4.6 Оқылған мәтін мен қазіргі шындық арасындағы байланысты анықтау.





5-білік. Шапшаң/жүгіртіп оқу. Оқырман ойланбастан, мәтіннің жалпы мағынасын ұғына, түсіне отырып, сөздер мен мәтінді дәл оқи алады. Шапшаң оқу неғұрлым жоғары деңгейдегі процестерді түсінуге қолданылуы мүмкін назар мен жады (есте сақтау) ресурстарын босатады. Сондай-ақ керісінше, шапшаң оқу дағдысын жаттықтырмаса, ресурстарды түсінуден неғұрлым төмен деңгейдегі, жазба мәтінді өңдеуге қажет процестерге қарай бағыттайды. Ол оқығанды түсінуде төмен нәтижеге алып келеді.

Әрекеттер

5.1 Мәтінде оқып отырған адамды қызықтыратын немесе белгілі бір мәселеге қатысты ақпараттың бар-жоғын анықтау. Оқуды жалғастыру туралы шешім қабылдау – мәтінді әрі қарай оқу.




5.2 Мәтіннің құрылымдық-мағыналық тұрғыдан жүйеленуіне сүйене отырып, мәтіндегі негізгі ойды анықтау.


5.3 Негізгісін бөліп алу нәтижесінде маңызсыз ақпараттан аттап өту.


5.4 Логикалық-фактологиялық тізбекті құрайтын тірек (сигнал) сөздер бойынша мәтіннің мағыналық мазмұнын топшылау.


5.5 Мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу.


5.6 Мағыналық бөліктер арасындағы байланысты анықтау.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет