Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН


Психология ғылымының дамуындағы бағыттар мен мектептер



Pdf көрінісі
бет63/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80
 Психология ғылымының дамуындағы бағыттар мен мектептер. 
Психологияның дамуындағы түрлі бағыт – бағдар мен түрлі ағымдағы мектептер де бұл 
пəннің сан алуан мəселелерін əрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырады. Олардың 
негізділері мыналар: Э.Титченер негізін қалаған құрылым психологиясы (көрнекті өкілі – 
В.Вундт. Бұл мектеп сананың құрылымын тəжрибелік тұрғыдан іздестіруді мақсат етті);
Вюрцбург мектебі (Батыс Европа мен АҚШ-та кеңінен таралды. Психикалық процестерді 
тəжірибелік зерттеулер арқылы анық 
талдады. Көрнекті өкілдері: К.Марбе, И.Орт, А.Майер, Г.Уотт, А.Мессер, Н.Ах, К. Бюлер, 
О.Зельц). Бұл мектептің негізі Германияда қаланды. 
Американдық психологиядағы функционализм ағымы. Негізгі мақсаты –
психология ғылымының жетістіктерін тəжірибеде қолдана отырып, адамның мінез – 
құлқын зерттеу. Бұл ағымның көрнекті өкілінің бірі Р.Вудвортс (1869 – 1962) болды. 
Бихевиоризм – ХХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық 
бағыт. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп 
санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк (1874 -1949). 
Гештальт – психология – Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін 
қалаған Макс Вертгеймер (1880 - 1943).”Гештальт” немісше – тұрпат, түр, форма, 
құрылым. Қазақша құрылым психологиясы деп алып отырмыз. Бұл мектептің мақсаты – 
жеке психикалық процестердің құрылымын тəжірибе жүзінде зерттеу. 
Фрейдизм. Бұл – Австрия ғылымы З.Фрейд (1856 -1939) есіммен аталатын бағыт. 
Зерттеу ілімі  психоанализ деп аталады. 
ХХ ғасырдың 30 – 40 жылдарында капиталистік елдерде бихевиоризмнің психология 
ғылымының даму тарихында өзіндік бағыт – бағдары жəне ғылыми маңызы бар  
когнитивтік бихевиоризм (адамның ішкі дүниесін зерттеп, танып білу), гипотезалық – 
дедукциялық бихевиоризм (психологияның даму қисынын зерттеу), операнттік 
бихевиоризм жəне неофрейдизм тəрізді жаңа бағыттары пайда болды. Неофрейдизм 
(көрнекті өкілі – Х.Корни, 1885 - 1953) – биологиялық еліктеудің əлеуметтік 
факторлармен байланысын психологиялық тұрғыдан зерттесе, ал американ психологы 
Курт Левин (1890 - 1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы 
адамдардың өзара қарым – қатынасын қарастырып, “өріс” теориясын жасады. Бала ақыл – 
ойының дамуын, оның ойлауы мен сөйлеуін т.б. мəселелерді бір жүйемен қарастырған 
біздің заманымыздағы көрнекті психолог маман – швецариялық Жан Пиаже (1896 - 1980). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет