Адам іс-əрекет – қылығы барлық уақытта оның өзі жайлы ұғымы мен бейнесі жəне
болашақтан күткен бейнесімен байланысты Əрбір тұлға сан қырлы өз «Менін» түрліше
ұғынады жəне түсіндіреді. Мысалы: қазіргі «мен», болашақтағы «мен», идеал «мен»,
қызметтегі «мен» т.б.Бұл мəселені зерттеуші ғалымдардың бірі И.С.Кон
былайша
түсіндіреді: «Əрбір адамның өзін өзі іс-əрекет субьектісі ретінде тануға көмектесетін
психикалық процестердің жиынтығы -өзіндік сана деп аталады,ал оның өзі жайындағы өз
ұғымдары белгілі бір «Мен» бейнесін
құрайды».
«Меннің» психологиялық мəнін А.Г.Спиркин былай сипаттайды: «мен» түсінігі өз
санасының нұрымен сəулелендіріп,өзін-өзі қабылдаған ,таныған жəне сезген жеке адамды
білдіреді». «Мен» - психикалық
өмірді реттеп беруші принцип,өзіндік бақылауды
жүргізуші рухани күш;бізді өз мəніміз бойынша бүкіл əлемге,қоршаған
адамдарға,ең
бастысы, өз санамызды өз бағалауымыз бен танымымызға орай өзімізге ашып беретін əр
адамның тұтастай болмысы.
«Мен» бейнесінің сəйкестік дəрежесі жеке адамның өзінің өз болмысын,
мүмкіндіктерін,басқа адамдар арасындағы өз беделін
бағалай алуына байланысты
болады.Өзіндік бағаға сəйкес адам өз əрекеттерін реттеп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: