Бастапқы əскери мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналғАН


№ 9 дəріс.  Тақырыбы: Сөйлеу процесі



Pdf көрінісі
бет46/80
Дата23.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#52111
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80
№ 9 дəріс. 
Тақырыбы: Сөйлеу процесі. 
Дəріс мазмұны: 
1. Сөйлеу туралы жалпы түсінік. Сөйлеудің физиологиялық сипаты. 
2. Сөйлеу жəне қарым-қатынас. 
3. Сөйлеудің түрлері. 
4. Сөйлеудің дамуы жəне тəрбиелеу жолдары. 
Мақсаты: Сөйлеу процесінің түрлері,ерекшеліктері жəне физиологиясы,даму барысымен 
таныстыру. Қарым-қатынастағы сөйлеу ерекшеліктерін түсіндіру. 
 
 Сөйлеу процесі 
 Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс - 
əрекеттерінің бірі жəне өзіндік қасиеті – оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы 
адамзат өзара қарым – қатынас жасап, іс – қимыл мен өмір – тіршілігінің бейнесін
қалыптастырады. 
Тіл үш түрлі қызмет атқарады: 
1. Адамзаттың қоғамдық тəжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, 
дүниені танып – білуін қамтамасыз етеді. 
2. Тілдік қатынастар нəтижесінде адамдар тілдесіп, бір – бірімен түсініседі. Тілдің 
мұндай қызметін ғылыми атауды коммуникативті қызмет деп атайды. Əрбір адамның өз 
мінез-құлқы мен іс-əрекетіндегі даралық тəжірибелерді күнделікті тіршілікте қолданып 
отыруы, сөйтіп, сыртқы орта мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі.Адам өзінің ғана 
емес, өзгелердің де тəжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат-міндеттерін шешеді. 
Мұндай əрекеттер адамның ақыл-ойымен байланысты. 
Сөйлеу əрекетінің атқаратын қызметтері: ғылыми тұрғыдан мынадай үш түрлі 
салаға топтастырылып қарастырылады: 
1. Сөйлеудің коммуникативті қызметі. 
2. Сөйлеудің сигникативтік қызметі. Бұл латынның “сигнал” – белгі, таңба деген 
сөзінен шыққан. Сигникативтік қызмет бойынша сөйлеуде адамдар бір-бірін белгілер мен 
таңбалар арқылы түсінеді. 
3. Сөйлеудің экспрессивтік қызметі- əр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мəнерлі 
сөзбен, дауыс ырғағымен өзгелерге жеткізілу тəсілі. 
Сөйлеудің физиологиялық сипаттамасы.
Тіл білімі мен физиологияның түйсінуінен психолингвистика тіл психологиясы деп 
аталатын ғылым саласы пайда болды.Сөйлеудің физиологиялық негізін екінші сигналдық 
жүйенің қызметі құрайды.Екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйемен бірлесе 
жұмыс істейді. Бұл бірлестік бұзылса, сөйлеу мəн-мағынасыз сөздер тізбегіне айналады. 
Адамның сөйлеуі күрделі психологиялық процесс екендігі жəне оның жоғары жүйке 
қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлінуі, олардың орталықтары мидың түрлі 
алаптарында орналасуында. Сөйлеу əрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының 
зақымдануына байланысты афазиялық жағдайға ұшырайды. Афазиялар динамикалық, 
эференттік қозғалысты жəне семантикалық, сенсорлық болып бөлінеді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет