бағыт беріп, оны қолдап кездескен кедергілерді жеңуге көмектеседі.Эмоцияның реттегіш
механизмі эмоциялық қозуды бəсеңдетеді. Мысал: сағыныш, торығу, қатты қуану,
шаттану т.б.Міне бұлар сөз, күлкі немесе бұлшық ет қимылдары арқылы сыртқа шықпаса
қауіпті болады.(жылау 15 мин.).
Мəнді қимылдар эмоциялар мен сезімдердің сигналдық қызметін атқарады. Олар
толғаныс, тебіреністі толықтырып айқындай түседі. Дауыстық жəне мимикалық
сигналдар, сөз,
ырғақтары, дауыс реакциялары қарым-қатынаста адамдар арасында
байланысты бейнелейді. Мысалы: күлімсіреу, зілді, жасады, мұңды күйде қарау т.б.
Адам өзіне, басқа адамдарға, айналасындағы дүниеге
қатынасын білдіретін, оны
бейнелейтін психикалық процесті сезім деп атайды. Сезім адамның психикалық əрекетінің
қандай жақтарына да белгілі түрде реңін береді. Эмоциялар мен сезімдер адамның
əрекетімен, оның мінез құлқымен, жүріс-тұрысымен біте қайнасып жатады, таным процесі
де сезіммен ұштасады. Эмоция мен сезім дегеніміз бұл адамның айналадағы өмір
шындығына жəне өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы.
Сезімдер мен эмоциялардың
бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Осындай саналық ерекшеліктерінің бірі қарама-
қарсы, полярлық сапалық ерекшеліктер деп аталады. Мысалы: сүйсіну, сүйсінбеу,
көңілдену, қажу т.б.
Жоғары сезімдер. Жоғарғы сезімдер адамға ғана тəн. Осы топқа адамгершілік,
эстетикалық, интелектік деп аталатын сезімдер кіреді.Қоғамдық өмірдің талабына сəйкес
адам мінез құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдері.Жоғарғы
сезімдердің бір түрі-эстетикалық сезімдер. Эстетикалық
сезім дегеніміз адамның
шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезіну.Жоғарғы сезімдердің бұдан басқа бір
түрі – интеллектік сезімдер адамдардың таным процестерімен ақыл ой əрекетімен тығыз
байланыста жатады.
Достарыңызбен бөлісу: