«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Мемлекеттік гранттар беру механизмі



Pdf көрінісі
бет17/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   196
Байланысты:
edu kk

Мемлекеттік гранттар беру механизмі:
1) мемлекеттік грантқа өтініш берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына 
өтініш беру арқылы алуға
2) жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған өтініштер мен құжаттарды қарай-
ды, мемлекеттік гранттарға үміткерлердің тізімін жасайды және оларды Комиссия-
ға жібереді;
3) ӨКП-дегі комиссия қажетті құжаттарды қарап, мемлекеттік грант беру тура-
лы ұсыныс дайындайды және алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұ-
мыспен қамту орталығы тиісті қорытынды жасайды; 
4) пікір беру үшін, қажет болған жағдайда, ӨКП комиссиясы мемлекеттік 
грантқа өтініш білдірген тұлғалардан жеке сұхбат жүргізеді немесе қосымша құ-
жаттарды сұрайды; 
5) қорытынды шыққан соң, жұмыспен қамту орталығы өтініш берушіні үш жұ-
мыс күні ішінде жазбаша түрде хабардар етеді; 
6) ӨКП мемлекеттік гранттар тағайындаған күннен бастап, 12 ай ішінде қа-
ражатты мақсатты пайдалануды және жобаларды қолдау (маркетингілік, заңдық, 
бухгалтерлік және өзге де қызметтерді) көрсетуге көмектеседі және мониторинг 
жүргізіліп тұрады.
Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттарды беру 
тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген мемлекеттік 
гранттар беру ережесінде айқындалады.
2.2. «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ МЕН 
ДАМЫТУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Прези-
дентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүм-
кіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға 
дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген.
Бағдарлама мақсаты: аймақтық кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін 
қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және жаңа тұрақты жұмыс орында-
рын құру болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
1. Ауылдық елді мекендердегі, шағын қалалар мен моноқалалардағы кәсіпкер-
лерді қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру;


27
2. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда кәсіпкер-
лердің өндірістік әлеуетін арттыру;
3. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда кәсіпкер-
лердің, кәсіпкерлік бастамаларын кеңейту;
4. Өндіріс көлемін ұлғайту;
5. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру;
6. Шағын және орта бизнестегі халықты жұмыспен қамтуды арттыру;
7. Шетел валютасының ауытқуына байланысты валюталық тәуекелдерді несие-
леуге жол бермеу;
8. Кәсіпкерлікті ақпараттық-аналитикалық қолдау;
9. Кәсіпкерлердің құзыреттілігін арттыру;
10. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
11.Іскерлік байланыстарды кеңейту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет