«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті



Pdf көрінісі
бет13/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   196
Байланысты:
edu kk

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті
дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарлама мақсаты
Халықты өнімді жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Міндеттері
Бағдарламаның мақсатына және мақсатты көрсеткіштеріне жету үшін жұмыс 
келесі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1) Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру және 
қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;
2) Жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
3) Еңбек нарығында жұмыс күшін арттыру және еңбек ұтқырлығын арттыру 
арқылы еңбек нарығын дамыту.
Сіз үшін, бағдарламаның екінші бағытымен танысу өте маңызды, себебі ол бо-
лашақ кәсіпкерлерге бағытталған.


22
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Екінші бағытты қарастырайық.
Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;
3) қалалар мен ауылдарда кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру;
4) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру.
«Бастау Бизнес» жобасын іске асыру және қалаларда микрокредит беру мәсе-
лелері бойынша – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі және 
ауылдар мен шағын қалаларда 2018 жылдан бастап «Бастау Бизнес» жобасын іске 
асыру және микрокредит беру мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасының 
Ауыл шаруашылығы министрлігі, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемле-
кеттік гранттар беру мәселесі бойынша – Қазақстан Республикасының Еңбек және 
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бағдарламаның екінші бағытының опера-
торлары болып табылады.
Кәсіпкерлік бастаманы қолдау
Шағын несиелер ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және қалаларда 
бизнес-жобаларды жүзеге асыратын немесе жоспарлайтын Бағдарлама қатысушы-
ларына беріледі.
Бағдарламаға қатысушылар үшін Қазақстан Республикасының салық заңна-
масына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі және қаржыландыру мақсаты 
ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер қызметін кеңейту мен зәкірлі кооперация қа-
тысушылары болып табылатын жобалардан тыс МҚҰ/КС/ЕДБ/«АШҚҚҚ» АҚ-ға жұ-
мыспен қамту орталығының жолдамасының болуы несиені/микрокредитті алудың 
негізгі міндетті шарттары болып табылады.
Кредиттер/микрокредиттер:
1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қара-
мастан) және шағын қалаларда микробизнес ашу, ісін жаңа бастаған кәсіпкердің 
қызметін кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу және зәкірлік коопе-
рацияларға қатысушылардың қызметін дамыту үшін;
2) қалаларда, моноқалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпо-
рындар құру, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту үшін ұсынылады.
Несиелерді/микрокредиттерді алуға: Бастау-Бизнес жобасында оқытудың 
аяқталғандығы туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғауға жіберіл-
гендер) бағдарламаға қатысушылар құқылы .
Кредиттер/микрокредиттер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңей-
ту және (немесе) зәкірлік кооперациялар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері-
не қатысушылардың қызметін дамыту үшін халықты жұмыспен қамту орталықта-
рының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, 
кемінде екі жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады.
Шағын несиелер, аймақтық бизнесті дамыту карталарына сәйкес жүзеге асы-
рылатын жобаларға басымдық беріледі (өңірлік деңгейдегі жергілікті атқарушы 
органдар (ӨЖАО) 20 ақпанға дейін облыстық маңызы бар қалалар мен елді мекен-
дердің мамандандырылған өңірлік картасын жасап, оны агроөнеркәсіптік кешенді 
дамыту саласындағы уәкілетті органмен бекітіп, микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ)/


23
екінші деңгейлі банктерге (ЕДБ) Кредиттік серіктестіктерге (КС)/«АШҚҚҚ» АҚ/ 
«ҚазАгроКепіл» АҚ-ға ұсынады).
Ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) 
және шағын қалаларда, қалаларда ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша кре-
диттер/микрокредиттер «АШҚҚҚ» АҚ, сондай-ақ МҚҰ және қорландыру «Аграрлық 
кредиттік корпорация» АҚ арқылы жүргізілетін кредиттік серіктестіктер арқылы 
беріледі.
Қалаларда және шағын қалаларда кредиттер/микрокредиттер қорландыру 
«Даму» КДҚ» АҚ арқылы жүзеге асырылатын екінші деңгейлі банктер (ЕДБ), ми-
кроқаржы ұйымдары арқылы беріледі.
Шағын несиелер, бұрынғы несиелерді өтеуге, тұрғын үйді сатып алуға және са-
луға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдерді өндіруге ұсынылмайды.
Микрокредит беру ұйымдарына /ЕДБ/МҚҰ/КС/«АШҚҚҚ» АҚ-на негізгі қарыз-
ды өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайтын 
мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет