«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет174/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   196
Байланысты:
edu kk

2. Ақшаны үнемдеу. Көбінесе интернет-дүкендер өз өнімдерін нарықтан төмен 
бағамен ұсынады. Дүкен иесі үй-жайларды жалға алуда, қызмет көрсетуші пер-
сонал мен коммуналдық төлемдерде үнемдейді. Бұл тауарды төменгі маржа құ-
нын азайтуға мүмкіндік беретіндіктен, тауарларды базарлар мен сауда үйлеріне 
қарағанда орташа есеппен 20-30% арзан етеді.
3. Ассортимент. Онлайн сатып алудың үшінші артықшылығы ассортименттің 
көптігінде. Сіз өте шағын ауылда тұрсаңыз да, интернет-дүкен арқылы барлық 
тауарға қол жеткізе аласыз. Интернет-дүкендерде жергілікті нарықтағыдай киім
техника, парфюмерияны еркін таңдай аласыз. Мысалы, flip.kz интернет-дүкенінде 
киімнің таңғажайып ассортименті сізді күтуде, ал technodom.kz интернет-дүкенін-
де сіз Қазақстандағы кез келген жеріне жеткізілетін техниканы таба аласыз.
4. Үйде өлшеп көру мүмкіндігі. Интернет-дүкендердің көбі сатып алынған зат-
ты өз тұтынушыларының үйіне жеткізуге тырысады. Егер өнім сізді қанағаттандыр-
маса, сіз оны курьерге қайтара аласыз немесе өз өлшеміңіздегі киімді қалдыра 
аласыз.
5. Ыңғайлы төлем әдістері. Интернет арқылы заттарды сатып алуға тұрарлық 
себептердің тізімін толтырады. Бұл карточкалар арқылы төлеу және Қазпоштада не-
месе курьерден тауарларды қабылдау кезінде қолма-қол ақшамен төлеуге болады.
Интернеттегі барлық сатып алулар «тұтынушылардың құқықтарын қорғау тура-
лы» заңмен жақсы қорғалған, оған сәйкес сатып алынған онлайн-өнімді сатушыға 
14 күн ішінде қайтаруға және ақшаңызды қайтаруға болады.


224
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Электрондық сауда мүмкіндіктері
1. Тапсырысты рәсімдеу. 
- Тауардың түрін анықтау керек: киім, тамақ, кітап, зергерлік бұйымдар және т.б.
- Егер өнім анықталған болса, іздеу жүйесінен: «Онлайн кітап» деп теру. Сілте-
мелерге сүйеніп, өзіңізге ұнайтын вариантты табасыз.
- Немесе танымал сайттар болады. Мысалы, amazon.com, ebay.com - Америка 
мен Еуропадан тапсырыс беру.
2. Төлем. 
Қажетті тауарларды таңдаған соң, пайдаланушы, әдетте, сайтта төлем әдісін 
таңдауға мүмкіндік алады.
1) Банк карточкасы - ақшалай емес есептесу.
2) Терминалдар - төлем көшедегі төлем терминалдарында жүзеге асырылады.
3) қолма-қол ақша төлеу - тауарлар сатып алушы тауарды алған кезде тауарлар-
ды қолма-қол ақшамен төлеу.
4) Салынбалы төлем тауарларды алғаннан кейін пошта бөлімшесінде төленеді.
Алаяқтық операцияларға бейімделген төлем әдістерінің бар екендігіне және 
олардың адал интернет-дүкендерде пайдаланылмайтынына назар аударыңыз:
– Western Union аударымы. Аударымның бұл түрі тек жеке тұлғалар арасында 
ғана қолданылады, төлемді қайтару немесе жоққа шығару мүмкіндігі жоқ.
– қысқа нөмірге өзгеріссіз сомадағы SMS-хабарламалар. Төлемді қайтару не-
месе жоққа шығару мүмкіндігі жоқ. Шағын сомалар, түбіртектер жоқ. Оның қара-
пайымдылығына байланысты, ол әртүрлі алаяқтық схемаларда жиі пайдаланылады 
және әдетте, жоғарыда айтылғандай, арнайы төлем жүйелерімен жұмыс істейтін 
маңызды интернет-дүкендерде пайдаланылмайды.
3. Жеткізу
Сатып алушымен тапсырыс жасағаннан кейін, сатушы байланысқа шығып
тапсырыс берілетін орын мен уақытты анықтайды.
Жеткізу жүзеге асырылады:
- жеке жеткізу қызметімен;
- жеткізілім қызметін көрсететін компаниямен;
- поштамен – бандероль немесе посылкамен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет