223
Электрондық коммерция дегеніміз не?
Электрондық сауда телекоммуникация желілері арқылы жүзеге асырылатын
тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатуға арналған кәсіпкерлік қызмет болып
табылады.
Атап айтқанда, электронды сауда арқасында халық тауарларға арзан бағамен
қол жеткізе алады.
Тауарлармен электронды сауда-саттық – интернет-дүкен және (немесе) интер-
нет-алаң арқылы ақпараттық технологиялармен жүзеге асырылатын жеке тұлға-
ларға тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, сонымен қатар келесі шарт-
тарды сақтайды:
- тауарларды сату бойынша келісімдерді тіркеу электронды түрде жүзеге асы-
рылады;
- тауарларға ақы төлеу ақшасыз төлем арқылы жүзеге
асырылады;
- тауарларды, курьерлік және (немесе) пошта қызметін жүзеге асыратын тұлға-
лармен шарт болуы не сатып алушыда (алушыға) өз тауарды жеткізу қызметінің
болуы.
Неліктен онлайн сатып алу керек?
1. Ыңғайлылық. Сізге киім, тұрмыстық техника, парфюмерия, т.б.
сатып алу
интернетте ыңғайлы екенінің бірінші себебі сатып алудың осы түрінің ыңғай-
лылығында. Сізге уақытыңыз бен күшіңізді базар мен дүкендерге жұмсауыңыздың
қажеті жоқ. Сіз lamoda.kz, flip.kz және басқа да интернет-дүкендердегі
өзіңізге
ұнаған затты оңай таба аласыз және артықшылығы интернет-дүкендер үзіліссіз әрі
тәулік бойы әрі мереке күндері де жұмыс істейді. Сондай-ақ, интернет-дүкендерде
кезекке тұрмайсыз. Бұл қолы бос емес адамдар немесе қажетті затты сатып алу
үшін кезекке тұрғысы келмейтіндер үшін пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: