«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Зейінді (назарды) тарту және ұстап қалу



Pdf көрінісі
бет189/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   196
Зейінді (назарды) тарту және ұстап қалу
• Әзіл қолдану;
• Тақта шағылысып көрінбей тұр ма, жарықты қосайық па деп сұрау;
• Пауза жасау, дауысты, тембрді және екпінді өзгерту; 
Фактілер, сандар, сарапшы пікірлерін қолдану;
• Қарапайым әрекет жасауды ұсыну;
• Шешім қабылдауға тарту (қызықтыру);
Аудитория қарсылығы бойынша ұсыныстар
• Әзірліктің бірінші кезеңінде 99% естуіңіз мүмкін үш қарсылықты жазыңыз;
• Өзіңізді аудиторияның орнына қойыңыз да, осындай реакцияны не тудыруы 
мүмкін екенін ойланыңыз. Асықпаңыз, тізімді көбейтпеңіз;
• Енді осы қарсылықтарға не деп жауап беретініңізді шешіңіз. Осы жауаптар-
ды жазыңыз. Қараңыз, бұларды қысқартуға немесе жақсартуға бола ма? Ал-
дын ала дайындалып алыңыз;
• Қарсылықты тікелей өзіңізге жасалған агрессиялық шабуыл деп қабылда-
маңыз;
• Қарсылық сіздің ұсыныстарыңыз немесе қандай да ерекшеліктер мәніне қа-
тысты туындайды.
Берілген модуль аясында бизнес-жобаларды қорғау кезінде қолдануға болатын 
көпшілік алдында сөйлеу мен келіссөздер жүргізу дағдыларын пайдалану материал-
дарымен таныстық.
Ұсынылып отырған оқу құралының қорытындысында кәсіпкерліктің даму маңыз-
дылығын және ел экономикасының дамуына әрбір болашақ кәсіпкердің үлесінің зор 
екенін атап өткен жөн. 
Сіздің бизнесіңізге жетістік пен табыс тілейміз! 


240
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
ГЛОССАРИЙ
Ауылшаруашылық кооперациясы – ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру-
шілердің өздерінің экономикалық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттан-
дыру мақсатында құрған ауылшаруашылық кооперативтері мен олардың қа-
уымдастықтарының (одақтардың) жүйесі болып табылады.
Ауылшаруашылығы кооперативі шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық ны-
сандарының бірі болып табылады, бұл – кооператив мүшелерінің материалдық 
және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың бірлескен 
өндірісіне немесе басқа да мүліктік пай жарналарын біріктіруге негізделген 
шаруашылық қызметі үшін ауылшаруашылығы тауар өндірушілері құрған ұйым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет