11-модуль. БИЗНЕС ҮШІН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТ НЕГІЗДЕРІ
214
11.1. Базалық цифрлық дағдылар және ашық үкімет
214
11.2. ЭЦҚ алу және қолдану тәртібі, электронды үкімет порталы, жеке
кабинетте жұмыс істеу дағдылары (www.pki.gov.kz және www.egov.kz)
216
11.3. Электрондық қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері
219
11.4. Мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай порталы
www.goszakup.gov.kz
221
11.5. Электронды коммерция
222
12-модуль. БИЗНЕС-ЖОБАНЫ ҚОРҒАУ
226
12.1. Көпшілік алдында сөйлеу негіздері: шешендік өнер және
құрылымдық таныстыру (өзін-өзі таныстыру) дағдылары
226
12.2. Келіссөздер жүргізу дағдылары
231
12.3. Бизнес-жобаны қорғау бойынша тәжірибелік жұмыс
236
ГЛОССАРИЙ
240
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
245
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
246
НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ
248
6
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
АЛҒЫ СӨЗ
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы азаматтарымызды
бизнестің қыр-сырына үйретіп, маңызды жұмыс атқаруда»
Н. Назарбаев
Құрметті оқырман! Сіз табысты кәсіпкер болуды армандайсыз ба? Табысты
бизнесті неден және қалай бастау керек екендігін білгіңіз келе ме? Салық есептілі-
гі, бизнесті тіркеу және бизнес-жоспар жасауда қиындықтар туындай ма? Онда осы
және басқа да сұрақтарға жауапты осы кітаптан табасыз.
Ұсынылып отырған оқу құралында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды
және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарла-
масының (бұдан әрі – «Еңбек» бағдарламасы) екінші бағыты аясындағы «Бастау
Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасы бойынша бизнесті ұйымдастыру
мен жүргізудегі қажетті материалдар жинақталып, тәжірибелік жұмыстар мен жат-
тығуларды орындауға жұмыс дәптері ұсынылып отыр. Бұл кітап кәсіпкерлік қыз-
меттің заманауи теориялары мен тәжірибелерін іс жүзінде қолданып, өз білімін
жетілдіремін деген кез келген адамға пайдалы. Кәсіпкерлік негіздерін оқыту бой-
ынша оқу құралында кәсіпкерлік психологиясы; табысқа жетудің факторлары;
тайм-менеджменттің тиімді ережелері; ісін жаңадан бастаған кез келген кәсіп-
керге бизнесін жүргізу және маркетинг негіздеріне сүйене отырып бизнес-идея-
сын талдау; ауылшаруашылық кооперациялары мен кәсіпкерлердің агробіліктілік
негіздері; кәсіпкерлікті іске асыру үшін қаржылық жоспарлау мен бизнес-жоспар
әзірлеу әдіс темесі; кәсіпкерлік қызметке салық салу мен салық есептілігі; кәсіп-
керлікті заңды тіркеу, кәсіпкердің құқықтары мен міндеттерін айқындау; бизнес
үшін электрондық қызмет негіздері мен бизнес-жобаны қорғау бойынша ісін жаңа
бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің бизнесін құру мен дамытуына
қажетті барлық мәліметтерді қамтып отыр.
«Бастау Бизнес» жобасы 2016 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен
қаласы мен Мұнайлы ауданында және Ақтөбе облысының Темір ауданында 282
үміткердің қатысуымен пилоттық режимде бастау алды. Жобаның пайда болуы
мен дамуына «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
(бұдан әрі – ҰКП) Төралқа төрағасы Т.А. Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП Басқарма
төрағасы А.И. Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары
Э.Т. Жұ мағазиев маңызды үлес қосты. «Атамекен» ҰКП бастамасымен «Бастау
Бизнес» жобасы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті
дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енді.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2017
жылдан бастап ауыл халқын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға, сонымен бірге
ауылшаруашылық кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олар-
дың бизнес-жобаларына қолдау жасауға бағытталған «Бастау Бизнес» жобасын жү-
зеге асырады. 2017 жылғы нәтиже бойынша «Бастау Бизнес» жобасына еліміздің
7
80 ауданынан 15 000 адам қатысып, оның 3314-і өз бизнесін ашты. Ал 2018 жыл-
дан бастап «Бастау Бизнес» жобасы 160 ауылдық аудандағы, облыс орталықтары
мен 27 моноқалалардағы 30 000 адамды оқытатын ауқымды жоба болып табы-
лады.
«Бастау Бизнес» жобасының («Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты) мақ-
саты – еліміздегі жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіп-
керлікпен айналысуға тарту арқылы олардың экономикалық белсенділігін арттыру
болып табылады.
«Атамекен» ҰКП «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасының
қаржылай емес қолдау операторы болып табылады.
Бағдарламаға қатысушылар жұмыссыздар (халықты жұмыспен қамту орта-
лықтарында тіркелген/тіркелмегеніне қарамастан), өзін өзі жұмыспен қамтыған-
дар, кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауылшаруашылық
кооперативтері мен олардың зейнет жасына жетпеген мүшелері, шаруа және фер-
мер қожалықтары болып табылады.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыған Бағдарла-
маға қатысушылардың оқу ақысы мемлекет есебінен, сондай-ақ оқығандарға
шәкіртақы төленеді.
Оқыту барысында Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізу үшін
идеялар әрі кәсіпкерлік қызмет негіздері жөнінде жан-жақты білім ұсынылады, со-
нымен қатар кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары таныстырылады.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мынандай ке-
зеңдерден тұрады:
1) тестілеу;
2) топтарда тәжірибелік оқыту бизнес-тәлімгерлік және жеке кеңес беру қағи-
дасымен оқытылады;
3) бизнес-жобаларды қорғауға (таныстырылымға) дайындау;
4) іске қосылған бизнес-жобаларға 12 ай қолдау көрсетіледі.
Оқытудың жалпы ұзақтығы 30 күнтізбелік күннен аспайды.
Оқыту процесіне міндетті түрде жеке кеңес беру, сондай-ақ қаржы алу мақса-
тында бизнес-жобаны қорғау үшін көпшілік алдында сөйлеу дағдыларына үйре-
тетін тренингілер кіреді.
Оқыту нәтижесі ретінде оқуды аяқтағаны туралы сертификат (бизнес-жоспар-
ларды қорғағандар үшін) және оқуға қатысқаны туралы сертификат беріледі.
Қаржылай емес қолдау операторы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау
қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «АШҚҚҚ» АҚ) және/немесе микроқаржы
ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) және/немесе кредиттік серіктестіктер (бұдан әрі – КС)
және/немесе екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) алдында «Бастау Бизнес»
жобасына қатысушылардың микрокредит алуға өтінімдерін қарау жайында өтініш
жасайды.
2021 жылға дейін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытылғандар саны 135
мың адам болады және солардың 27 мың адамы (20%) бизнестерін ашады деп
болжануда. Солардың қатарында сіз де болуыңыз мүмкін!
8
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
1-МОДУЛЬ. КІРІСПЕ.
БИЗНЕС-ОЙЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
1.1. Кәсіпкерлікке кіріспе. Өз ісіңді қалай бастау керек?
1.2. Кәсіпкер психологиясының негіздері
1.3. Ісіне жауапсыз кәсіпкердің психологиясы
1.4. Мақсат қою және бизнестегі белсенділік
1.1. КӘСІПКЕРЛІККЕ КІРІСПЕ. ӨЗ ІСІҢДІ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?
Жеке ісіңізді бастамас бұрын, есіңізде бол-
сын, кәсіпкерлік дегеніміз – мамандық, және
де кез келген мамандық сияқты оны күн сайын
игеру қажет. Өз ісінің шебері болу үшін көп күш
салуыңызға тура келеді. Ең бастысы, қол жеткіз-
ген жеріңізде тұрып қалмай, алға қарай жылжи
беріңіз!
Сіз кәсіпкер ретінде бизнесіңіздің ең
маңызды құрамдас бөлігі болып табыласыз,
себебі ісіңіздің басқарылуына және жетістікке жетуіне жауап бересіз. Қызмет-
керлеріңіз бен компанияңыздың қызметіндегі нәтижелер үшін жауапкершілік
алатыныңызды есте сақтаңыз.
Жеке істі бастау идеясының өзі сіздің өміріңізді, сол сияқты айналаңыздағы-
лардың өмірін де айтарлықтай өзгертуге қабілетті аса маңызды шешіміңіз болып
табылады. Аталмыш процесс қиын әрі негізгі уақыттан тыс жұмыс жасауға алып
келсе де, тәжірибеңізді байытады.
Жеке ісіңіздің жетістігі тұлғалық мінездемеңізге, жағдайға және дағдыларға
байланысты болады. Бойыңызда кәсіпкерлік қабілет пен дағдылар қаншалықты
көп болса, істің жетістікке жету ықтималдығы соншалықты арта түседі. Қабілет мен
дағдылар ерекшеліктері айналысатын қызмет түріне қарай ерекшеленеді.
Сіз тұлға ретінде белгілі бір қабілет пен дағдыларға иесіз. Егер белгілі бір дағ-
дылар жетіспейтін болса, онда оларды машықтану немесе сабақ алу арқылы үйре-
нуіңізге болады. Сонымен қатар жеке ісіңізге қажет дағдыларды сондай қабілеті
бар адамдарды жалдау арқылы алуыңызға болады.
Әрі қарай жылжып, кәсіпкерлік қызметтің қыр-сырына кіріспей тұрып, кәсіп-
керлікпен айналысу үшін қандай қабілет пен дағдыларыңыз бар екенін талдай
кетейік. Оған сізге психологиялық тестілер (жұмыс дәптеріндегі «Кәсіпкерлік қа-
білетті анықтау деңгейі» тестісінен өтіңіз) жәрдем береді.
Тәжірибе көрсеткендей, дәл осы тестілеу мынадай сауалдарға жауап беруге
мүмкіндік береді:
• Мен перспективалы бастаулардың бастамашысы болып, өз қызметкерлерімді
соңымнан ертуге қабілеттімін бе?
• «Кәсіпкерлік қабілетім» қандай деңгейде?
9
• Ақша ұстай аламын ба? «Ақша жасай» аламын ба?
• Идеяларымды қандай жолмен жүзеге асырамын?
• Табысты кәсіпкерге қандай қабілет қажет? Және тағы басқа.
Сонымен бизнесті неден бастаймыз? Бизнесті бастау үшін, ең алдымен, барлық
қорқыныш пен үрейді алып тастау керек! Алдыңызға нақты мақсат қойып, соған
әрекет етіңіз! Кәсіпкер болу өте тиімді, себебі сіз тәуелсіз боласыз және өз ар-
мандарыңыз бен қажеттіліктеріңізді жүзеге асыруға толық мүмкіндіктер ашылады.
Сіздің бастапқы мүмкіндіктеріңізге сай жүзеге асырылып жатқан бизнестің дайын
идеясын алып, болашақ бәсекелестердің кемшіліктерін анықтап, нарықты талдап,
маркетингілік зерттеулер жүргізіңіз.
Жеке бизнесті бастауда кәсіпкер мынадай негізгі ережелерді білуі тиіс:
• Ақшаны емес, болашақ ісіңізді ойлаңыз. Жақсы ойластырылған бизнес сізге
міндетті түрде табыс әкеледі;
• Табысқа жету үшін мақсат қойыңыз және қиыншылықтарды жеңе біліңіз. Бар-
лық қиындықтар – уақытша құбылыс!
• Табысты идеяны ойлап табыңыз және оны жүзеге асырыңыз!
• Мақсат қойып, әрекет етсеңіз, барлық мүмкіндіктер ашылады!
• Кәсіпкерлік адамнан толық күш-жігерді және жоғары мақсаттарға мән бе-
руді талап етеді. Осыған байланысты өз арманы мен мақсаттарыңыздың аражігін
ажырата біліп, қайсысын орындап, ал қайсысынан бас тарту қажеттігін білу қажет.
Кез келген адам бизнесті бастамас бұрын, ең алдымен, немен айналысу қажет-
тігін анықтап алуы қажет.
Әдетте, ол адамның кәсібіне байланысты. Алдымен, кәсібі жоқ адамдарға қиын,
бірақ осы санаттан да кәсіпкерлер аз емес.
Егер таңдау жасалса, оңай болады, бірақ әлбетте, бастапқы капиталды қай-
дан алуға болады деген сұрақ туындайды. Басты мәселе оны қайдан алу емес,
оны қажет мөлшерде уақытылы қайтара алуға деген сенімділігі. Осы сұрақта екі
психологиялық мәселе тұр, ол – жауапкершілік пен тәуекелге баруға дайын болу.
Егер осыған дайын болсаңыз, онда кәсіпкерлікті меңгеруде тағы бір қадам жасаға-
ныңыз, болмаса, осы сәттен бастап кәсіпкерлікпен қоштасқаныңыз дұрыс.
Ең күрделісі – өз клиентін табу және өзіңізге тиімді бағамен тауарды сату мүм-
кіндігі.
Бұл мүмкіндікті әрқашан қолдану қажет, осыған дағдыланса, сізге таңдау жа-
сауға болады – өз қызметін жалғастыру қажет пе, әлде басқа жоғары деңгейге өту
қажет пе? Егер сізде ынта (мотивация) болса, өзіңізге сенімді болсаңыз және кәсіп-
керлер қатарынан табылуға дайын болсаңыз, онда өз бизнесіңіздің техника-эко-
номикалық негіздемесін құруға дайындалыңыз. Бұл негіздеме болашақ кәсіпкер-
лік қызметті жан-жақты қарап, табыс жолында кездесетін қиындықтарды түсінуге
көмектеседі.
Бизнестің техника-экономикалық негіздемесін жасау үшін кәсіпкерліктің
басты құжаты – бизнес-идеяларды, маркетинг жоспарын, қаржылық жоспарлауды
және қызметкерлерді жоспарлаудан тұратын бизнес-жоспар құру қажет. Сонымен
қатар толыққанды жұмыс істеу үшін меншікті қаражат пен жинақтаулар, отбасы
мен туысқандар көмегі, несие, лизинг, гранттардан тұратын бастапқы капиталды
іздестіру қажет.
10
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Барлық осы процесс бизнесті дұрыс бастау үшін кезектесіп келетін әрекеттер-
ден тұрады:
1. Өз күші мен мүмкіндіктерін талдау;
2. Бизнес-идеяны қалыптастыру;
3. Болашақ бизнестің жоспарын құру;
4. Өз бизнесін құру туралы шешім қабылдау;
5. Меншік түрін таңдау;
6. Заңды тіркелу.
Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, та-
уарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс
алуға бағытталған, жекеменшік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүр-
гізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіп-
керлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі кәсіпкерлік болып табылады.
Кәсіпкер – өз ісін құрып, тәуекел етуге және эксперимент жасауға дайын, өз
өмірін өзгерткісі келетін және көп әрі қажырлы еңбек ететін адам.
Кәсіпкер деп
• кем дегенде бірнеше коммерциялық операцияны жүзеге асыруда табысқа
жеткен;
• өз ісінің орындалуына жеке өзі қатысатын;
• өз ісінің нәтижесіне материалдық жауапкершілікті мойнына алатын;
• істің даму бағытын таңдау кезінде шешім қабылдау құқығына ие болатын;
• өз ісінен алынатын пайданы бөлу құқығы бар адамды айтамыз.
Осы нышандардың болуы кәсіпкерлік мәртебесіне қатыстылығы үшін қажет,
бірақ өздеріңіз білетіндей, кепілді түрде табысқа ие болу жеткіліксіз.
1.2. КӘСІПКЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |