«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет6/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196
«Комфорт аймағы» әдемі естілгенімен, бірақ егер адам өз комфорт аймағынан 
шыға алмаса, оның өз өмірін өзгертуге және жақсартуға құлшынысы жоғалады. Ол 
өзінің ішкі шектеулерін жеңіп, «комфорт аймағы» шекарасынан шығып үйренбесе, 
осы жағдай жалғаса береді. 
«Комфорт аймағы» дегеніміз – адамның шектелген өмірлік шекарасы, сонымен 
қатар үйреншікті өмір сүру ұстанымы. 
«Комфорт аймағында» өмір сүретін адамда өз-өзін жетілдіруге, өз мүмкін-
шілігін, білімі мен дағдыларын пайдалана отырып, белсенді іс-қимылдар жасауға 
құлшынысы болмайды. Бұл өз кезегінде, адам санасының дамымай регрессияға 
ұшырауына әкеліп соғады. Әрдайым күйзелісті жағдайда болу да жаман. «Комфорт 


12
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
аймағында» біз күш жинаймыз, бірақ біз «комфорт аймағынан» шыққанда ғана 
дами аламыз.
Өз ісімізді бастауға не кедергі? 
- Қаржы тапшылығы
- Жеке қорқыныштар
- Мотивацияның төмендігі.
Қорқыныштарды жою үшін 
белгісіз нәрселерді белгіліге айналдыру керек. 
Бизнеске қатысты қорқыныштарды жою үшін ұсыныстар:
- Өзіңізге ұнайтын бизнесті таңдаңыз;
- Білімді болыңыз;
- Сізді шабыттандыратын адамдармен араласыңыз;
- Тайм-менеджмент құралдарын қолданыңыз;
- Бизнес-жоспарыңызды жасаңыз;
- Табысты болуға сеніңіз!
Әрине, кәсіпкердің әмбебап бейнесі болмайды. Қашан да жеңіске алып келетін 
немесе түбінде сәтсіздікпен аяқталатын стратегиялар болмайды. 
Психологтердің ойынша, табысты кәсіпкерлердің көпшілігінің мінезінде, тем-
пераментінде, шыққан тегінде, адамның өсіп-жетілген жағдайында, сана түрткісінің 
ерекшеліктерінде ортақ бір дүние бар. Түрлі психологиялық мектептер адамның өз 
ісін ұйымдастыруға деген қабілетін зерттеген.
Мысалы, темперамент адамның энергетикалық мүмкіндіктерін қалыптасты-
ратын мінездің физиологиялық негізі ретінде: холерик идеяға жылдам құмартуы 
мүмкін, бірақ істі соңына жеткізбейді, ал меланхоликтің еңбекке қабілеттілігі төмен 
болғандықтан, жетістікке жетуге деген мүмкіндігі аз. Көптеген психологтердің 
пікірінше, стандарттан тыс шығармашылық ойлау, шешендік, математикалық қа-
білеттер жақсы қызмет етеді. 
Психологтер сіздің кәсіпкерлік қабілетіңізге әсерін тигізетін тағы бір маңызды 
фактор қоршаған ортаңыз деп санайды, яғни өмір мән-жайының сонау басынан 
бастап бүгінгі сәтке дейін тұлғаны қалыптастыру. Мысалы, зерттеулердің бірі еркін 
мамандыққа ие, фриланспен айналысқан ата-аналардың балалары табысты бизнес 
құрғанын көрсеткен. Психологтер бизнесмендердің шынайы өмірдегі жүріс-тұры-
сын: барлық жаңалыққа деген алғырлық, сынға ашықтық, ойлау және мақсатқа 
лайық әрекет етуін зерттеген.
Бизнес-ойлау мен балық аулаушыны не байланыстыратынын білейік.
Жақсы балықшы бар және жаман балық аулаушы бар. Жақсы балықшы балық 
ауламай тұрып не істейді?
• Теңіздің өзін және теңізде құстар көп ұшқан жерде балық болатындықтан, 
құстардың ұшып келу мен ұшып кету кезеңін зерттейді;
• Жергілікті балықшылардан сол жерде қандай балықтар бар екенін сұрап 
біледі;
• Сол теңізде кездесетін балыққа арналған қармақ пен балықтың тамағын ал-
дын ала дайындайды;
• Жақсы балықшы күте біледі. Ол қармақпен бір сағат, екі сағат, күні бойы оты-
рады, бәрібір өзінің балығын аулайды.


13
Жаман балықшы не істейді? Ол, керісінше, шыдамсыз болып, тіпті балық аула-
май кетіп қалуы да мүмкін. Мінеки, бизнесте де жақсы балықшы секілді шыдам-
дылық, біліктілік пен дағды қажет.
1.3. ІСІНЕ ЖАУАПСЫЗ КӘСІПКЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІ
Адамдардың көбі жағдайларға байланысты, заңдарды білмей әрі бизнестің жа-
уапкершілігін түсінбей, бизнеспен жауапсыз айналысуға құмар. 
Төменде ісіне жауапсыз кәсіпкерлердің бірқатар іс-әрекетін келтіреміз:
• несиені төлеу бойынша қарыз алушының міндеттемесін орындамау немесе 
орындауды лайық деп таппау; 
• несиені мақсатсыз қолдану;
• несиені жаппай тұрып тіркелген жеке кәсіпкерлігін жауып тастау;
салықты төлеуден жалтару;
• алаяқтық, қолдарды, мөрлерді, құжаттарды және сату-сатып алу шартын қол-
дан жалған жасау;
• жалған кәсіпкерлік.
Кәсіпкердің жосықсыз әрекеттерінің бірі несиені төлеуде қарыз алушының 
міндеттемесін орындамау немесе орындауды лайық деп таппау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет