«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет89/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   196
Қайта сиретіп отырғызу деп фазада дән жарнағын немесе нағыз жапырақты 
қайта отырғызуды айтады. 
Таңдау үшін тұқымдар 1 м
2
1000 ... 3000 данада отырғызылады, бұл жинаусыз 
өсіп қарағанда 10 есе артық.
Қайта сиретіп отырғызу үшін тұқымдарды 1 м
2
1000…3000 данадан отырғы-
зады. 
Алғашқы жапырағы пайда болғаннан кейін көшетті тұрақты орынға отырғы-
зады, көлденең тамырлардың жақсы өсуі үшін орталық түбірді қопсытады. Қай-
та сиретіп отырғызу үрдісі еңбекті қажет етеді, бірақ көшеттердің сапасы мен 
өсу қарқынына әсер етпейді. 
Оң фактор жылыжайда өсірудің алғашқы кезеңінде 
ауданды үнемдеу болып табылады (тиісінше жылытуға жұмсалатын шығынның 
төмендеуі) және ең мықты көшеттерді таңдауға мүмкіндік береді.
Қайта сиретіп отырғызылған және тікелей отырғызылған көшеттер құмыралар-
да, жәшіктерде және жүйекте өсіріледі.


110
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Көшеттердің сапасын жақсарту үшін 
құмырасыз тәсілмен өсірген кезде оқшау-
лағыш төсемдер қолданылады. Бұл үшін полиэтилен пленкасын пайдалану жақсы. 
Пленкаға қоректік субстратты қалыңдығы 8...10 см толтырылады және көшеттерді 
отырғызады. Әрі қарай көшеттер өскен кезде пленка тамырлардың жайылуына ке-
дергі болады, олар шоғырланады және зақымданусыз басқа жерге отырғызу оңай 
болады. 
Сонымен қатар субстраттағы су режимін мұқият қадағалау керек, себебі ыстық 
күндері субстрат тез кеуіп кетеді. Өсімдік сау, тамыр жүйесі мықты болып өседі, түсі 
қою жасыл болады. 
Көшеттерді тұқымнан және қайта сиретіп отырғызылған екпелерден өсіреді.
Құмыра тәсілі көшетті ерте өсіру үшін пайдаланылады. Бұл әдіс бойынша 
өсімдіктер жеке құмыраларда өсіріліп, субстратпен бірге қайта отырғызылады. Со-
ның арқасында қайта отырғызу кезінде өсімдіктердің тамырына зақым келмейді 
және жеміс беру 7...10 күн бұрын басталады, брақ жаппай мерзімде отырғызыла-
тын көшеттер үшін мұндай әдіс қолайсыз. 
Сонымен қатар құмыра тәсілі асқабақ дақылдарының көшеттерін өсіру үшін 
қолданылады, өйткені олар өте нәзік және тамырлары тармақты және басқа әдіс-
термен өсірілген көшеттер жерсінбейді. 
Құмыралардың оңтайлы мөлшері бұрыш, қырыққабат пен баклажан үшін 6×6 
см, қызанақ үшін 10×10 см. 
Көшеттерді өсіру үшін кассеталарда топырақсыз өсіру әдісі де қолданылады. 
Мұндай көшеттердің жерсіну деңгейі өте үлкен.
Өсіру мерзімі мен технологиясына сәйкес көшеттердің ертерек, ерте, орташа 
және кеш түрлері болады. 
Ерте және орта көшеттер парниктер мен жылыжайларда өсіріледі, ал кеш 
өсірілетіндері қорғалған топырақта немесе ашық топырақтағы арнайы көшет 
өсірілетінде өсіріледі.
Ерте көшеттерге қырыққабат және гүлді қырыққабат, бұрыш, қызанақ; орта-
шаға – орташа мерзімде өсетін қырыққабат, қызанақ, бұрыш, баклажан; кеш кө-
шеттерге – жай пісетін қырыққабат жатады. 
Сапасы жақсы жылыжайда өсірілген көшет жақсы жерсініп, көп өнім береді. 
Тұқымдарды отырғызу үшін топырақты даярлау отырғызылатын орын таңдау-
дан, тыңайтқыштан, ылғалдандырудан және т.б. басталады.
Көшеттерді өсіру үшін топырағы бар ыдыстар қолданылуы мүмкін, көшетті бір-
ден жүйекке отырғызуға болады. Жерді даярлау жер қабатын тегістеуден, қажетті 
консистенциялы негіз таңдаудан басталады. 
Көшеттерді өсіру үшін жеңіл топырақ қолданылады. Бөлшектерінің өлшемдері 
3...5 мм болатын, майда түйіршікті құрылымды топырақ құнды болып табылады. 
Топырақ ауыр болса, оған құм араластыруға болады. Құмды күзде, топырақ физи-
калық пісетін күйде болғанда қосады.
Тыңайту тұқым себуден 3...4 күн бұрын жүргізіледі.
Отырғызар алдында температураны және ылғалдылықты бірден топырақтың 
физикалық қажетті параметрлеріне жеткізіңіз және оны қопсыту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет