«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Дегерес етті-жүнді құйрықты қойы



Pdf көрінісі
бет99/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   196
Байланысты:
edu kk

Дегерес етті-жүнді құйрықты қойы
Дегерес қойы – биязы жүнді, құйрықты қой тұқымы. Ол 1930-1980 жылдар 
аралығында Алматы облысында жергілікті қылшық жүнді, құйрықты қой саулығын 
шропшир және прекос қошқарларымен күрделі зауыттық будандастыру арқылы 
шығарылған. Жаңа тұқым ретінде 1980 ж. бекітілді. Дене бітімі шымыр, сүйегі 
берік, кеудесі кең, құйрығы орташа. Жыл бойы жайылымда бағуға бейімделген, 
ұзақ жүруге төзімді. Қошқары тірідей 100-110 кг, саулығы 58-63 кг салмақ тарта-
ды. Қошқардан 6-7 кг, саулықтан 3-3,5 кг жүн қырқылады. Жүн талшығының ұзын-
дығы 9-16 см. Әр 100 саулықтан 90-120 қозы алынады. Енесінен бөлген кезде 
қозылары 32-35 кг салмақ тартады. Ұрғашы тоқты 70 кг, еркек тоқты 93 кг салмақ 
тартады, 16-19 кг ет алынады, сойыс шығымы 49-51%. Таза жүн түсімі 66-68%. 
Дегерес қойы Қазақстан мен Орталық Азияда өсірілетін жергілікті қылшық 
жүнді қойлардың жүн өнімділігін көбейту мен оның сапасын арттыруға кеңінен 
пайдаланылады. 
Қаракөл қойы
Қаракөл қойы – қозысының елтірісі өте бағалы болатын қой тұқымы. Қылшық 
жүнді қой тұқымдарының ішіндегі ең көп тарағаны. Денесі мығым, шағын, жүрдек, 
құйрықты (құйрық майы 2-3 кг) қой. Құйрығының ұшы S – тәрізді иілген, сирағы 
жіңішке, тұяғы берік, шөл және шөлейт аймақтарының қатаң ауа райына және 
жұтаң жайылымына әбден бейімделген. Қошқары мүйізді, тірі салмағы – 55-65 кг, 
ірілері 100 кг-нан жоғары болады, ал саулығы 45-50 кг тартады. Тез көбейеді, әр 
100 саулыққа шаққанда 95-100 қозыдан келеді. Еркек қозыларының салмағы 4,5-


121


122
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
5,5 кг, ұрғашысы 3,8-4,5 кг. Қозының жүні туған кезінде бұйраланып тұрады, өсе 
келе жүн талшықтары ұзарып, бұйралары жазылып кетеді. 
Қаракөл елтірісі қара, көк, сұр, қоңыр, ақ, қызғылт түсті болып келеді. Жүні 
тұлымды, жылына екі рет (көктем, күз) қырқылады. Қошқарларынан 3,0-3,5 кг, 
саулықтарынан 2,0-2,5 кг жүн алынады. Сүттілігі 50-60 кг-ға жетеді. Сүтінің май-
лылығы 7-8%. Қаракөл қойының еті және майы өте сіңімді әрі дәмді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет