«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет109/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   196
Тез салмақ жинау фазасы
Бұл уақыт 90-күннің басына сәйкес келеді. Мал барлық азықты сіңіре алады 
және ақуызға мұқтаж болады.
Келесі кестеде малдың жасына байланысты жем-шөптердің саны туралы дерек-
терді көруге болады.
Жас ерекшелігі
Сүт өнімі
Құрамажем
Шөп
Премикстер,
грамм
60
5
0,3
1
300
90
6
1
2
300
120-180
2
1,5
3
500
210-360
бермейді
2
5
900
390-400
бермейді
2
8
1000
450-540
бермейді
1
8,5
1000
Жем-шөп салмағы кг берілген (премикстерден басқасы).
Жылқылар не жейді?
Үй жылқыларын міндетті түрде шабындыққа шығарып, шөппен азықтандыра-
ды. Онда барлық қажетті қоректік заттар бар. Қыс мезгілінде рационға шөп және 
сұлы, жүгері, арпа, кебек, зығыр, алма, сәбіз, қызылша және картоп сияқты өнімдер 
қосылуы керек. Егер жылқы азығында қоректік заттар жеткіліксіз болса, онда жа-
нуар салмағын жоғалтады, сыртқы тұрпаты нашарлайды.


131
Мал ұстауда сақталатын санитарлық нормалар
Мал иесі мал тұратын барлық орында мынадай санитарлық норманы сақтауға 
міндетті:
• ағаш еден және таза төсем;
• қораның биіктігі 2,4 метрден кем болмауы керек;
• терезелер еденнен кемінде 1,3 метр биіктікте орналасауы керек;
• жем салатын астаудың көлемі – 600х700х100 см;
• автоматты астаулар;
• жылытылған қабырғалар;
• таза ауа кіретін желдету жүйесі, бірақ жел өтпеуі керек.
Малға екпе егудің жалпы ережелері
Ветеринар асептика және антисептиканың жалпы ережелеріне сүйене отырып, 
екпе жасайды. Барлық екпе жасалған мал ветеринар дәрігердің бақылауында бо-
луы керек.
- Егілген малдарда жергілікті реакциялар 1-3 күн ішінде толық сіңетін препарат 
енгізілген орында сәл ісіну мен температура түрінде білінеді. 
- Кейбір малда реакция барлық денесіне беріледі және екпеден кейінгі алғашқы 
екі немесе үш күн дене температурасы көтеріліп, бойкүйездік пен әлсіздік болады. 
- Екпелер, әдетте, дене температурасы қалыпты, денсаулығы дұрыс малдарға 
жасалады. 
- Ауру малдар, ауруға күдікті малдар немесе ауру малдардың жанында болған 
малдарға екпе күдік тудырған ауруға қарсы сауықтыру-профилактикалық сарысу 
екпесі егілгеннен кейін 5-7 күннен кейін салынады 
- Егер мал сау болса, сонда ғана екпе жасалады. 
- Арық малдарға екпе жасалмайды.
- Егер мал ауру малдың жанында болған және белгілі бір аурудың «инкуба-
торы» болса, жасалған екпе осы ауруға қарсы малдың жағдайын нашарлатады, 
бұл жұқпалы ауруды табиғи түрде жұқтырғаннан да қатты ауырады. Мал екпеден 
бұрын ауру жұқтырғандықтан, ауру инкубация кезеңінде болған және вакцина бұл 
аурудың белсенді емес немесе тітіркендіргіш қоздырғышы болып табылады.
Сондықтан ауру жұқтырғаннан кейін екпе жасалған мал үш есе қатты ауыра-
ды және өліп кетуі де мүмкін. Егер ол аман қалса, онда тұрақты иммунитет пайда 
болады. Сондықтан қай кезде қандай аурудан сақтану керек екенін білу керек, егу 
уақытын өткізіп алмау, егу алдында 2 апта бойы антигельминтик пен вакцинация-
дан бұрын 1 ай бойы витаминдер беру қажет. 
- Кез келген вакцинаның жарамдылық мерзімі (сақтаудың белгілі бір шарттары 
бойынша) бар, мерзімі өткен вакцина зиянды.
Екпе жасаудың тиімділігі малды азықтандыру, күтіп ұстау және құрттардан 
уақтылы тазартуға байланысты.


132
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет