«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Мал сою пункттеріне қойылатын ветеринарлық



Pdf көрінісі
бет111/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   196
Байланысты:
edu kk

Мал сою пункттеріне қойылатын ветеринарлық
(ветеринарлық-санитарлық) талаптар
Құрылыс нысанын салу үшін учаскені дөң, тегіс, құрғақ әрі жауын-шашын бас-
пайтын және жел тармақтары ескеріле отырып қорғалған жерден таңдайды.
Жаңа өндіріс объектілерінің құрылысы үшін учаскені бұрынғы мал қыстауы, 
мал қорымы, көң сақтағыштары мен ет өңдеу кәсіпорындарының жерінде таңдауға 
жол берілмейді. 
Мал сою пунктін өндіріс объектісінің қоршау сызығында орналастырылатын 
өндіріс объектілеріне (құс шаруашылықтарынан басқа) салады, оның құрамына 
мыналар кіреді: 
1) мал сою бөлмесі мен мал сою бөлімі;
2) теріні тұздау мен уақытша сақтау бөлмесі;
3) ет пен субөнімдерді уақытша сақтау үшін мұздатқыш камералар;
4) автоклав не мал өлекселерін жағу пеші бар кәдеге жарату бөлмесі;
5) душ бөлмесі;
6) қызмет көрсетуші персонал үшін қосалқы үй-жай;
7) есептік нөмір.


134
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Ветеринарлық-санитарлық талаптар «Жануарлардан алынатын өнім мен шикі-
затты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзе-
ге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринарлық (ветеринарлық-сани-
тариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы 
министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі №7-1/832 бұйрығымен реттеледі. 
Мал сою пункттері мен мал сою алаңдарынан минималдық СҚА* және СА**:

р/с
Құрылыс
элементтері
Қашықтығы, метрмен
Мал сою пункттері
мал сою
алаңдарының
қуаты тәулігіне
10 тоннаға дейін
қуаты тәулігіне
10-30 тоннаға дейін
қуаты тәулігіне
30 тоннадан артық
1
2
3
4
5
1
Тұрғын үй және 
қоғамдық ғима-
раттар
300
500
50
Ескерту: мал сою пункттері мен мал сою алаңдарында тәуліктік қордан артпайтын мал-
ды сою алдында ұстауға рұқсат беріледі.
*СҚА – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ, елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдарын 
және басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін оларға қолайсыз факторлар-
дың әсер етуін кеміту мақсатында жақын арадағы селитебті аумақтардан, ғимараттардан 
және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстардан бөлетін аумақ;
**СА – зиянды әсер ету көзінен бастап СҚА режимі бар, бірақ оны ұйымдастырудың 
негіздеу жобасын әзірлеуді талап етпейтін тұрғын-үй салу құрылысының, ландшафты-
рекреа циялық аймақтың, демалыс, курорт аймағының шекарасына дейінгі ең аз арақашықтық 
(әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарының ұшу мен ұшыру аймағындағы ұшудың 
стандартты бағыттарының бойындағы СА қоспағанда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет