«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Мал өсіруді, малды, малдан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (сою-



Pdf көрінісі
бет112/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   196
Байланысты:
edu kk

Мал өсіруді, малды, малдан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (сою-
ды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс нысандарына,
сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өн-
діру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру
Есептік нөмір сою алаңдарын қоспағанда өндіріс нысаны қызметінің бүкіл ке-
зеңіне беріледі.
Сою алаңдарына есептік нөмірлер бір жыл мерзімге беріледі және осы өңірде 
етті қайта өңдеу кәсіпорындары немесе сою пункттері салынғанға дейін жыл сайын 
расталуы тиіс. Есептік нөмірі барын растау үшін сою алаңдары есептік нөмір беру 
рәсімдерінен қайтадан өтеді.
Өтініштерді қабылдау және өндіріс нысанына есептік нөмірлер нәтижелерін 
беру ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданнан (облыстық 
маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті 
атқарушы органының тиісті бөлімшелерінің кеңселері арқылы жүзеге асырылады. 
Есептік нөмірлерді беру көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жатады және жеке 
және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. 
Құжаттарды тапсыру күнінен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 7 
(жеті) жұмыс күні.


135
(«Мал өсіруді, малды, малдан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтау-
ды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринар-
лық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі 
ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл 
шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/37 бұйрығы).
Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы малын союды ұйымдастыру
тәртібі
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес 
кейіннен өткізуге арналмаған орындарда ауыл шаруашылығы малын союға тыйым 
салынады. 
Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы малы сою пункттерінде
алаңдарда не ет өңдеу кәсіпорындарында сойылуы тиіс. 
Сою алдында ауыл шаруашылығы малы сою алдындағы ветеринарлық тексеру-
ге және еті союдан кейінгі ветеринарлық-санитарлық сараптауға жатады.
Союдан кейінгі ветеринарлық тексеру нәтижелері бойынша ұшаға «алдын ала 
қарап тексеру» таңбасы қойылады.
Сою пункттері немесе ет өңдеу кәсіпорындары болмаған кезеңде ауыл ша-
руашылығы малын сою және мал мен оның сойылған өнімін ветеринарлық тек-
серу сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы малын сою алаңдарында) жүзеге 
асырылады. 
Ауыл шаруашылығы малын сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорында-
рында сойған кезде ұшасы ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханасының 
немесе өндірістік бақылау бөлімшесінің сараптама актісі (сынақ хаттамасы) не-
гізінде Ветеринарлық құжаттарды беру қағидаларына сәйкес берілген ветеринар-
лық анықтамамен бірге жүреді. 
Ветеринарлық анықтамада сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) берілген 
күні мен нөмірі көрсетіледі.
Малдан алынатын өнімдер (ет және ет өнімдері) мен шикізатты ішкі сауда объ-
ектілерінде өткізуге Ауыл шаруашылығы малы ережелерінің талаптарына сәйкес 
сойылғандығын растайтын ветеринарлық құжаттар болған кезде ғана жол беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет