«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет128/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   196
Байланысты:
edu kk

Қаржылық сауаттылық – қаржыға қатысты салмақты және орынды шешім 
қабылдауға көмектесетін білім мен дағдылар. Қаржы жағынан сауатты болу үшін 
негізгі қаржы ұғымдарын жете түсіне білу, қаржы институттарының қызметтері-
не бағдарлану, оларды артықшылықтары, кемшіліктері және тәуекелдерін ұғына 
отырып пайдалану, нарықтағы жағдайды дұрыс бағалау, қаржыны басқару, яғни 
бюджетті жүргізу, шығыстарды жоспарлау, қаражат жинақтау және мүмкіндігінше 
қарыздарды болдырмау керек.
Жұмыс істеудегі мақсатымыз – көбірек ақша табу. Әрбір адам жақсы киінгісі, 
қымбат көлік мінгісі, кең үйде тұрғысы, балаларына жақсы білім бергісі келеді. 
Осының бәріне қанша ақша керектігін білесіздер ме? Өзімізді бақытты санау үшін 
бізге қанша ақша керек? Сіздің барлық мақсаттарыңыздың бағасын есептеп шыға-
рыңыз, сонда сіз бақытты өмір сүру үшін қанша ақша қажет екенін білетін боласыз. 
Мысалы, әрбір мемлекеттің өз жұмыс жоспары бар. Балалардың мектептегі дәріс-
терінің де өз жоспары, оқитын сабағын бақылап, бағдарлап отыру үшін қажетті 
күнделігі бар. Кеңес дәуірі кезінде бес жылдық жоспар болғанын жақсы білесіздер. 
Бір адам: «Тек қорқауларда, яғни көр қазушыларда жоспар болмайды» деген еді, 
бірақ оларда да сол көрді қазатын құрал-саймандары, кімді қай жерге, қалай жер-
леу жайлы жоспары бар. Тек біздің қаржылық жоспарымыз жоқ. Ақшаның өміріміз-
де алар орны өте маңызды. Әр ауылда бір-екі адамның ғана отбасылық бюджетінің 
жоспары бар. Қаржылық жоспар болмаған соң, бізге барлық уақытта ақша жетпей-
ді әрі көптеген асқақ армандарымыз орындалмай қалады. 
Дамыған елдерде, әдетте, қаржылық жоспар 4 тараудан тұрады.
Бірінші тарау – сақтандыру. Әр үйде негізгі табысты бір адам табады. Батыс-
та сол негізгі табысты табатын адамның өмірін сақтандырып қоюды әрбір отбасы 
маңызды міндет санайды. Өмір бар жерде өлім бар. Мысалы, Батыс елдерінде, егер 
негізгі табыс әкелуші адам өліп қалса немесе жұмысқа жарамсыз болып қалса, 
отбасы сақтандыру полисіне орай сақтандыру төлемін алып, біраз жыл қаржылық 
тұрғыдан аса қиналмай өмір сүре алады. 


158
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет