«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет127/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   196
Байланысты:
edu kk

8. Жоба тәуекелдерін талдау
Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметіндегі тәуекел мен табыс бас-
ты проблемалардың бірі. Кәсіпорын үшін тәуекел өндірістік және қаржылық қыз-
мет нәтижесінде ресурстарының бөлігін жоғалту, табыстарды толықтай алмау неме-
се қосымша шығыстардың туындау ықтималдылығын білдіреді. Кәсіпорын жұмыс 
жасап жатқан заманауи экономикалық жағдай қолайсыз. Нарық конъюнктурасы 
өзгереді, сондықтан да кәсіпорын үнемі тәуекелге ұшырап отырады, себебі бәсеке-
лестер жағдайында өзгерістер болады, қаржыландыру талаптары мен нысандары, 
салық төлеу жүйесі және т.б. өзгереді. Сондықтан бизнес-жоспарды әзірлегенде, 
нарық жағдайының болуы мүмкін өзгерістерін ескеру керек. 
Тәуекелдің сандық және сапалық талдауын жасау керек. 
Біріншінің міндеті жұмыстарды орындау барысында тәуекелдер туындаған 
жағдайда, тәуекел факторлары мен жұмыс кезеңдерін анықтау. Сандық талдау 
тәуе кел факторларын анықтауды көздейді, ал бұл қиын міндет болып табылады. 


156
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Тәуекелдерді талдау

Тәуекел түрі
Тәуекелдерді жою жолдары
1
Ірі қара мал аурулары
Уақытынан бұрын вакцинациялау
2
Сатудың (өткізудің) азаюы
Сатып алушымен алдын ала шарт немесе мәміле 
жасасу
3
Экономикалық дағдарыс
Жобаны диверсификациялау, сақтандыру
Қосымша
Бизнес-жоспардың қорытынды бөлімінде оны дайындау кезінде пайдала-
нылған құжаттар мен сілтеме жасалған дереккөздер келтірілген. Әңгіме клиент-
терден және серіктестерден алынған хаттар, шарттар мен келісімшарттардың 
көшірмелері, әртүрлі прейскуранттар, статистикалық шолулар, анықтамалар, зерт-
теу нәтижелері және т.б. туралы болып отыр.
Бұл модуль бизнес-жоспарды жазу әдістемесін, мұның құрылымын, негізгі бөлім-
дерін түсінуге мүмкіндік берді. Келесі «Қаржылық жоспарлау» 8-модулінде болашақ 
жоба тиімділігінің қаржылық көрсеткіштері көрсетілген, қаржылық жоспарды жа-
сауды үйретуге тырысамыз. 


157
8-МОДУЛЬ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ 
8.1. Қаржылық сауаттылық
8.2. Бизнес-жоспардың қаржылық моделінің негізгі ұғымдары
8.3. Бизнес-жоспардың қаржылық бөлімі
8.4. Түсімдер жоспары, ақша қаражатының қозғалысының болжамы
8.5. Залалсыздық нүктесі және жоба табыстылығы 
8.1. ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Бизнестегі ең маңызды сөздер – ақша ағыны. Бай адамдардың бай болуы ақша 
ағынын бақылауда ұстайтындығы, ал кедей адамдар осыны істей алмағандықтан
кедей болады. 
Қаржылық мәселелердің көбі ақша ағынын жеке 
бақылай алмаушылықтан туындаған. 
Роберт Кийосаки


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет