59
2. Аудитория үшін маңызды аспектіні таңдау керек
Адриан Сливотски өзінің «Ойлау жылдамдығындағы маркетинг» («Маркетинг
со скоростью мысли») кітабында қазіргі экономикада құндылық тізбегінің реверсі
болғанын айтады, ал ол бұрын мынандай болған еді:
Яғни біз сұрақтарды мынадай ретпен қоятынбыз:
• Компанияда қандай активтер бар?
• Осы активтердің көмегімен қандай өнімдер шығаруға болады?
• Осы өнімдер арқылы қандай сұранысты өтеуге болады?
• Біздің тұтынушымыз кім?
Бүгінгі күні былай көрініс табады:
Ал сұрақтар реті мынадай:
• Біздің тұтынушымыз кім?
• Оның сұранысы қандай?
• Осы сұранысты қандай өнімдермен қанағаттандыра аламыз?
• Ол үшін қандай активтер керек?
Иә, бұл шындығында осылай. Бүгінде ұсыныс сұраныстан артып кетуде, және
қажетті сегментті қамту үшін аудиторияның жағдайын да, оның мұқтаждығы мен
қажеттілігін де ескеру қажет.
Тұтынушыларды гипоаллергенді сұйықтықтар қызықтыруы мүмкін, себебі
адамдардың көбі ыдысты резіңке қолғаппен жуады, олар үшін ыдыс жуатын сұй-
ықтықты ұзақ уақыт пайдалану үшін бір тамшысының
өзі ыдыстың майын тез
кетіруі маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: