Тауарды немесе қызметті кімге сатасыз? Үшінші сұрақ: клиенттеріңіз кімдер болады? Тауарыңызды немесе қызмет-
теріңізді сатып алатын адамдар кім? Сіз тартатын клиенттер ақшасын алып келеді.
Тауарыңызды немесе қызметіңізді белгілі бір клиенттер тобына немесе өңіріңізде-
гі (аудандағы, қаладағы) барлық тұрғындарға сатпақшысыз ба немесе көрсетпек-
шісіз бе, осыған көз жеткізіп алыңыз. Кәсіпорныңыз табыс табу үшін тауар немесе
қызмет үшін төлеуге қабілетті әрі дайын адамдар саны жеткілікті болуы тиіс.
• Егер кеңес беру кабинетін ашатын болсам, клиенттерім кім болады?
Бірдеңені өндірмес бұрын, тауарыңызды немесе қызметіңізді сатуға ниеттен-
ген клиенттерді анық ойластырып алғаныңыз дұрыс.
Тауарды немесе қызметті қалай сатасыз? Жауап беруді қажет ететін төртінші сұрақ: кәсіпорын тауарларды немесе қыз-
метті қалай сатады?
Тауарыңызды немесе қызметіңізді қалай сатуды болжап отырсыз? Егер дүкен
ашуды жоспарлаған болсаңыз, онда бәрі түсінікті. Бірақ өндіруші немесе сатушы
қызметтерді бірнеше тәсілмен сата алады. Өндіруші, мысалы, тауарды клиенттері-
не тікелей сата алады, не болмаса оларды жеке-жеке бөлшек желі арқылы өткізе
алады.
Кейбір кәсіпорындар тауарды клиенттеріне тікелей сатады.
Басқалары тауарды бөлшек сауда, әлеуметтік желілер, сайт, интернет-дүкендер
және т.б. арқылы өткізеді.
Табысты бизнес-идея кәсіпорын тұтынушылардың қажеттіліктерімен бірге
сіздің бизнестен күтетін үмітіңізді ақтаған кезде орнайтынын естен шығармаған
абзал.
Сондықтан өнім немесе қызметтің тұтынушыларға қажет екендігіне көз жет-
кізіңіз, олар сізге пайда табуға көмектеседі, сізде жеткілікті техникалық дағдыла-
рыңыз, біліміңіз және ресурстарыңыз бар, сондай-ақ күшті мотивация бар.
SWOT-талдауды пайдалана отырып, басқару шешімдерін, бизнес-идеяларды,
стратегиялар мен жобаларды талдау маңызды. Бұл әдіс өте қарапайым, бірақ өте