Болашақ мамандықты таңдау біздің өміріміздегі ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады



Дата07.02.2023
өлшемі14,65 Kb.
#65845
Байланысты:
Менің болашақ мамандығым


Болашақ мамандықты таңдау біздің өміріміздегі ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Бірақ өзіңе шынымен де ұнайтын, өзінің мінезіне сәйкес келетін мамандықты таңдау оңай емес. Көптеген адамдар мамандыққа оқу барысында, бұл олардың ісі емес екенін түсінеді. Кейбіреулері ше, жұмыс істеу барысында таңдауымен қателескенін түсінеді, сондықтан да болашақ мамандықты жауапкершілікпен таңдау қажет. Мен кішкентайымнан атам мен апамның тәрбиесінде болдым. Апам ылғида дәрігерлердің жұмыстарына разы болып, ол мамандықтың қиындығын айтып түсіндіріп отыратын. Содан болса керек, апамның ықпалы десемде болады, осы медицина мамандығына деген сүйіспеншілігім күннен күнге арта түсті. Мектепте 8 сынып оқып жүргенімде 9 – сыныптан кейін емдеу ісі мамандығы бойынша медициналық колледжге түсем деп шешім қабылдадым. Отбасымызда медицина мамандығы бойынша қызмет етуші ешкім болмағандықан, ата – анам бірден келісті. Осылай бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысындағы бірден бір бетке ұстар медициналық колледжінің І курс студентімін. Алла қаласа оқуымды жақсы тәмамдап, өз жұмысымды жүз пайызға орындағым келеді. Медицина мамандарына қойылатын жауапкершілік өте көп. Сондықтан ең алдымен жауапкершілік болу керек. Мен адамдарға көмектесіп, оларға қайта сау болуына үміт бергім келеді. «Жедел – жәрдем фельдшері» - жедел жәрдем деп аты айтып тұрғандай кез-келген уақытта науқастарға көмек көрсетіп, осы жұмыстың барлық қиындықтарын жеңуге дайынмын.
Мен өзімнің аңсаған арманыма жетуге тырысамын!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет