«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


ҚАЗАҚСТАНДА ТАРАЛҒАН ҚОЙ ТҰҚЫМЫ



Pdf көрінісі
бет97/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   196
Байланысты:
edu kk

ҚАЗАҚСТАНДА ТАРАЛҒАН ҚОЙ ТҰҚЫМЫ
Солтүстік қазақ меринос қойы
Солтүстік қазақ мериносы – биязы жүнді қой тұқымы. 1976 ж. жаңа кавказ 
және мазаев биязы жүнді қой тұқымдары саулықтарының қазақтың құйрықты қой-
ларымен будандастырып, Америка рамбульесі, Алтай, Аскания, Кавказ қошқарла-
рымен күрделі будандастыру арқылы шығарылған. Қойдың жүн өнімділігі мен са-
пасын жақсарту мақсатында Австралия мериностарымен будандастыру жұмыстары 
жүргізілді. Қойлардың дене бітімі берік, ірі, Қазақстанның солтүстік шығысының 
табиғат жағдайларына жақсы бейімделген. Қошқарлары 100-110 кг, саулықтары 
60-65 кг салмақ тартады. Қошқарларынан 12-15 кг, саулығынан 5,5-6,5 кг бия-
зы жүн қырқылады, орта есеппен ұзындығы 9,0-11,0 см, жіңішкелігі 60-64 сапаға 
(20,6-25,0 мкм) тең. Жүнінің біркелкілігі, иректілігі, шайыр сапасы мен мөлшері 
меринос жүнге қойылатын талаптарға сәйкес келеді. 
Оңтүстік қазақ меринос қойы
Оңтүстік- қазақ меринос қойы биязы жүнді және етті болып келеді. Жергілікті 
қазақы қылшық жүнді саулықтарды кавказдық, ставропольдық, грозныйлық, ав-
стралиялық биязы жүнді қошқарларымен шағылыстырылып шығарылған. Сүйе-
гі мықты. Бұл қой тұқымының жүні біркелкі, оңтүстік өңірінің шөл және шөлейт 
аймақтарының континентальды климатына төзімді. Саулықтардан – 3,5-4,0 кг, қо-
шқарлардан – 8-12 кг жүн қырқылады. Таза жүннің шығымдылығы 45-53%; сау-
лықтардың тірі салмағы 50-55 кг, қошқарлардікі – 100-110 кг. Қошқарлары мүй-
ізді, саулықтары мүйізсіз келеді. 
Қазақтың архар-меринос қойы
Қазақтың арқар-мериносы – биязы жүнді қой тұқымы. 1934-50 жылы биязы 
жүнді жаңакавказдық типтегі рамбулье және прекос саулықтарын жабайы арқар-
мен қолдан ұрықтандыру нәтижесінде алынды. Дүниежүзілік қой шаруашылығын-
да алғаш рет түраралық будандастыру тәсілімен алынған бұл қой тұқымы биік тау 
жайылымдарын кеңінен игеріп, өзіндік құны төмен бағалы ет, сапалы жүн өндіруге 
мол мүмкіндік берді. Кейінірек жүн сапасын одан әрі жақсарту мақсатында асыл 
тұқымды малдардың бір бөлігіне кіріспе будандастыру жолымен Австралия мери-
ностарының қаны құйылды. 
Қошқарлар мен саулықтардың тірідей салмақтары 90-110 кг және 55-65 кг, 
таза жүн түсімі 5,0-6,0 кг және 2,5-3,0 кг-ға жетеді. Жүнінің жіңішкелігі қошқар-
ларында – 60-64, саулықтарында – 64-70 сапалы, ұзындығы 8,0-10 см. 100 сау-
лықтан 120-130 қозы алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет