«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Цигай қойларының қазақы асыл тұқымы



Pdf көрінісі
бет98/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   196
Байланысты:
edu kk

Цигай қойларының қазақы асыл тұқымы
Цигай қошқарларының тірі салмағы 80-100 кг-ге дейін жетсе, саулықтарының 
салмағы 45-50 кг болады. Салыстырмалы түрде цигай қойлары тез көбейеді, 100 
саулыққа 115-140 қозыдан келеді. Саулықтарды қозысынан бөлгеннен кейін сүт-
тің өнімділігі шамамен 45-50 кг құрап, 4 ай сауғанда 7,5-7,8% майлылықта 100 
литрден астам сүт береді. 4-4,5 айлық қозылары 28-30 кг салмақ тартады, сойыс 
шығымы кемінде 52-55% болады.
Қазақтың биязы жүнді қойы
Қазақтың биязы жүнді қойы – ет, жүн өндіру бағытында өсірілетін қой тұқымы. 
1931-46 жылдары қазақтың жергілікті құйрықты саулықтарын прекос және «Аме-


120
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
рика рамбульесі» қошқарларымен зауыттық жолмен будандастырылып алынған. 
Кейіннен жүн сапасын жақсарту мақсатында Аскания, Алтай, Грозный, Австралия 
мериностары және полварс тұқымдарының қошқарларымен будандастырылып, ет-
ті-жүнді бағыттағы алынған бұл қой тұқымы Қазақстанның оңтүстік шығысындағы 
таулы және шөлейтті аймақтардың жайылым жағдайларына жақсы бейімделген.
Қошқарларының тірідей салмағы 94-96 кг, саулықтарынікі – 55-58 кг, 1,5 жасар 
тоқты 43-48 кг болады. Олардан жумай, 7-9 кг; 4-4,5 кг; 3,6-4 кг, ал жуып, 4,3-5,3; 
2,3-2,6; 1,9-2,3 кг жүн қырқылады. Жүні қошқарларында 58-60, саулықтарында 
60-64 сапаға жатады, оның ұзындығы қошқарларында – 12-14 см, саулықтарында 
– 10-12 см болады. 100 саулықтан 130-150 қозы алынады. 
Қазақтың қылшық жүнді қойы
Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы – ет-май өндіру бағытында шыға-
рылған ежелгі қой тұқымы. Шығыс Қазақстан облысы Үш биік ауылында (бұрынғы 
Бірінші май совхозы) құйрықты қойдың жаңа тұқымы қылшық жүнді құйрықты қой 
өндірілді. 1994 жылы қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойының «Байыс» деген 
түрі пайда болды. 
Дене бітімі шымыр, сүйегі берік, басы орташа, тұмсығы түзу, не сәл дөңестеу. 
Мойыны аса ұзын емес, кеудесі кең, жоталы. Сирақтары ұзын, тұяқтары өте мықты. 
Қойлардың түсі, көбінесе қоңыр, қызғылт сары, көк және қара болады. Қошқары-
ның тірідей салмағы 90-110 кг, саулығы 60-65 кг тартады, олардан тиісінше 3-3,5 
кг және 1,8-2,2 кг жүн қырқылады. Тез көбейеді. Әр 100 саулықтан 105-112 қозы 
алынады. Енесінен бөлген кезде еркек қозылар 34-37 кг, ұрғашылары 32-35 кг 
салмақ тартады. 4-5 айлық еркек қозылардың сойыс шығымы 50-52% болады. Қа-
зақстанның барлық облыстарында өсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет