«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Қара түсті қаракөл қойларының биологиялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет100/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   196
Қара түсті қаракөл қойларының биологиялық ерекшеліктері
Зоологиялық классификациясы бойынша қара түсті қаракөл қойы ұзын майлы 
құйрықты, қалың жүнді, ол елтірі өндіру үшін өсіріледі. Оның қаракөл терісі – өте 
бағалы.
Қаракөл қойлары кең алқапта жайылуға, артық ыстықты шығаруға мейлінше 
бейімделген. Олардың дене құрылымы тез әрі жеңіл қозғалатындығын көрсетеді. 
Қойлардың дене пішімі біршама созылыңқы, жүні едәуір өскелең, көбінесе қара 
түсті. Қара қаракөл қойларының қозылары жетілген сайын жүндерінің түсі өзге-
реді. Мәселен, 4 айлық қара қозылар тобында, яғни енесінен айырған кезде бірша-
ма түрлі түсте болады. Бір жарым жасында, яғни ұрықтандырар кездегі қара қой-
лардың көпшілігі әртүрлі дәрежеде ағарады, ал үш-төрт жасында олардың жабағы 
жүнінің жартысына жуығы қара және жартысы ақ жүн талшықтарынан тұрады. Бұл 
орайда қылшығы мен түбіті бірдей дәрежеде ағарады. Ал басы мен сирақтарын-
дағы жүн өмір бойы қара күйінде қалады. 
Қаракөл қойы тез көбейеді, алайда ол оның күтіміне де байланысты болады. 
Қазақстанның оңтүстік батысында 100 бас саулықтан 100-110 қозы алады.
Қарақөл қойларының ең маңызды биологиялық ерекшелігі жайылымды пай-
далануға икемделгені болып табылады. Тұмсығы тар бола тұра, өте икемді жіңішке 
еріндері мен өткір қисық тістері арқылы жердегі өсімдіктердің ең ұсағын теріп 
жейді.
Атырау құйрықты елтірі қойы
Атырау қойы – тегене құйрықты елтірі қой тұқымы. Әрі етті, әрі майлы, әрі ел-
тірілік өнімімен ерекшелінетін дүние жүзінде теңдесі жоқ қой тұқымы. Жаңа тұқым 
ретінде 1998 жылы қабылданған. Қазақтың тегене құйрықты қылшық жүнді қойы 
мен Еділбай қойының саулықтарын, қаракөл қойының Сұрхандария және Қарақал-
пақ сұрының қошқарларымен күрделі будандастыру жолымен шығарылған. Азия, 
Кавказ, Таяу Шығыстың таулы аудандарында кеңінен таралған. Қошқарлары суыққа 
бейімделген, алайда нашар көбейеді әрі еті тым майлы болады (құйрығы 40 кг-ге 
дейін жетеді, тірі салмағынан 25-35% құрайды). Атырау қойынан ет, жүн немесе 
жоғары сапалы түрлі-түсті сұр елтірі өндіруге болады. Жүні ақшыл сұр, әртүрлі 
түске бояуға келетіндіктен, кілем тоқуға қолайлы. 
Атырау қойы Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт 
аймақтарында өсіруге жақсы бейімделген. 
Еділбай қойы
Еділбай қойы – ет-май өндіру бағытында өсірілетін қылшық жүнді, құйрықты 
қазақы қой тұқымының бір түрі. 19-ғасырдың аяғында Еділ-Жайық бойынан та-
раған. Құрғақ және шөлейт аймақтарда өсіруге бейімделген. Көбіне Қазақстан-
ның орталық және солтүстік аймақтарында өсіріледі. Түсі бозғылт, қызыл қоңыр, 
көбінесе қара болады. Дене бітімі мығым, басы үлкен, тұрқы ұзын, жоталы, кеудесі 
кең, құйрығы үлкен. Қошқарының тірідей салмағы 100-120 кг (160 кг-ге дейін), 


123
6.4.2. Мал шаруашылығын және басқа да ауыл шаруашылығы 
малдарын ұстау технологиясы 
Сүт фермасы
Сүт шаруашылығы таңдалса, онда кешенде, әрине, сүт және сүт өнімдері алына-
тын болады. Жақсы мал басы болмаса, бұл бағалы өнімдер де болмайды. Тұқым-
ды таңдаған кезде сүт көлеміне назар аудару қажет. Төмендегі кестеде ең жоғары 
өнімді тұқымдармен танысуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет