Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған


-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі



бет3/3
Дата03.02.2023
өлшемі43,24 Kb.
#64885
1   2   3
3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі

16. Бағдарламада оқу мақсаттары кодпен берілген. Кодтың бірінші саны сыныпты, екінші және үшінші саны негізгі дағдылардың ретін, төртінші саны оқу мақсатының ретін көрсетеді. 1.2.1.1 кодында: «1» – сынып, «2.1» – негізгі дағдылар, «1» – оқу мақсатының реті.


17. Оқу мақсаттары күтілетін нәтиже түрінде айқындалған:



Тыңдалым мен айтылым

Негізгі дағдылар

Оқу мақсаттары

1.1 Тыңдалым материалы арқылы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну

1.1.1.1 мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну

1.2 Тыңдаған материалды мазмұндау

1.1.2.1 көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.3 Оқиғаны болжау

1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

1.4 Коммуникативтік қатынаста тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.1.4.1 коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану

1.5 Тыңдаушының назарын аудару

1.1.5.1 заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану
1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу

1.6 Тыңдаған материал бойынша өз ойын айту

1.1.6.1 тыңдалым материалына қатысты өз ойын білдіру

1.7 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

1.1.7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау

1.8 Сөздерді орфоэпиялық нормаға сәйкес айту

1.1.8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту

Оқылым

Негізгі дағдылар

Оқу мақсаттары

2.1 Оқу түрлерін қолдану

1.2.1.1 сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын «оқу»

1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану

2.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

2.3 Мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтау

1.2.3.1 ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білу

2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну

1.2.4.1 мұғалімнің қолдауымен сөздердің мағыналарын (мәндес; мағынасы қарама-қарсы; айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі) ажырату

2.5 Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою, жауапберу

1.2.5.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру

2.6 Мәтіннің жанрын анықтау

1.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің жанрын (жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең, әңгіме, ертегі) ажырату

2.7 Түрлі дереккөздерден қажет ақпаратты алу

1.2.7.1 мұғалімнің қолдауымен дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, суреттікітапша, энциклопедия) ақпараттабу

2.8 Дыбыс пен әріпті тану, ажырату



1.2.8.1 дыбыстың таңбасы – әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажырату

1.2.8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну;
1.2.8.3 дыбыстың мағына ажыратудағы қызметін түсіну;
1.2.8.4 ё, ю, я әріптері мен ь, ъ таңбаларының ерекшеліктерін түсіну

2.9 Сөзді буынға бөлу

1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау

Жазылым

Негізгі дағдылар

Оқу мақсаттары

3.1 Жоспар құру

1.3.1.1 сюжетті суреттердің ретін анықтап, ат қою арқылы қарапайым жоспар құру
1.3.1.2 мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру

3.2 Оқылым, тыңдалым материалының мазмұнын жазу

1.3.2.1 мұғалімнің қолдауымен оқылым, тыңдалым материалы бойынша шағын мазмұндама жазу

3.3 Шағын мәтін құрастыру.

1.3.3.1 сызба, сурет, белгілер арқылы шағын мәтін құрастыру



3.4 Түрлі мәтіндер құрау

1.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен түрлі шағын мәтін (хат, құттықтау хат, хабарлама) жазу

3.5 Қатені табу, түзету

1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету

3.6Көркем жазу талаптарын сақтау

1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу

Тілдік норманың қолданысы

4.1 Орфографиялық дағдылар

1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазу

1.4.1.2 мұғалімнің қолдауымен сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді білу

1.4.1.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су аттары, жануарларға арнайы қойылған аттар) анықтау

4.2 Грамматикалық дағдылар

1.4.2.1 заттың атын, қимыл-әрекетін, сынын, санын білдіретін сөздерді ажыратып, орынды қолдану

1.4.2.2 сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолдану

4.3 Пунктуациялық дағдылар

1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою

18. Осы оқу бағдарламасы қосымшада келтірілген Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының ұзақмерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.




Бастауыш білім беру деңгейінің
1-сыныбына арналған
«Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына
қосымша
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған
«Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асырудың
ұзақмерзімді жоспары
(оқыту қазақ тілінде)



1-тоқсан

Кезең

Тыңдалым мен айтылым

Оқылым

Жазылым



Тілдік норманың қолданысы

Әліппеге дейінгі кезең



1.1.1.1* мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну;
1.1.2.1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;
1.1.3.1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.1.4.1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану;
1.1.5.1* заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;
1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
1.1.8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту

1.2.1.1* сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын «оқу»;
1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау



1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу






Әліппе кезеңі

1.1.2.1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;
1.1.3.1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.1.4.1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану;
1.1.5.1* заттар мен құбылыстардысипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;
1.1.5.2 сөйлеу барысындадауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
1.1.7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау;
1.1.8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту

1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.2.5.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
1.2.8.1 дыбыстың таңбасы – әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажырату;
1.2.8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну;
1.2.8.3 дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсіну;
1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау



1.3.3.1* сызба, сурет, белгілер арқылы шағын мәтін құрастыру;
1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету;
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу



1.4.1.1* айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазу;
1.4.2.2 сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолдану;
1.4.3.1 сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қою

2-тоқсан

Әліппе кезеңі

1.1.2.1* көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау;
1.1.3.1* тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.1.4.1* коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) сақтай білу;
1.1.5.2 сөйлеу барысындадауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;
1.1.6.1 тыңдалым материалына өз ойын білдіру;
1.1.7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау;
1.1.8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту

1.2.1.1* сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын «оқу»;
1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.2.5.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;
1.2.8.1 дыбыстың таңбасы – әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажырату;
1.2.8.2 дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну;
1.2.8.3 дыбыстың мағына ажыратудағы қызметін түсіну;
1.2.8.4* ё, ю, я әріптері мен ь, ъ таңбаларының ерекшеліктерін түсіну;
1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау



1.3.3.1* сызба, сурет, белгілер арқылы шағын мәтін құрастыру;
1.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен түрлі шағын мәтін (хат, құттықтау хат, хабарлама) жазу;
1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету;
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу



1.4.1.1* айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазу;
1.4.2.2сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолдану;





Ескерту:
- білім алушылардың қажеттілігін ескере отырып, әр сабаққа 3-4 оқу мақсаты, оның ішінде біреуі жетекші мақсат ретінде алынады;
- «*» белгісімен көрсетілген оқу мақсатының бөлігін таңдап жүзеге асыруға болады.
Жазылым (№ 1, № 2, № 3) дәптерлердің көмегімен жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет