Терминологиялық норманың өлшемдері



бет1/7
Дата19.10.2022
өлшемі2,58 Mb.
#44286
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
сезім терминология (копия)

Терминологиялық норманың өлшемдері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ

Кіріспе


Термин (лат.terminus - шек, шекара) – ғылым мен техниканың, өнердің, қоғамдық тұрмыстың, т.б. саласындағы белгілі бір ұғымның немесе заттың дәл (ауыспалы немесе бейнелі түрде емес) мағынасын білдіретін немесе нақты мән-сипатын аңғартатын сөз. Сондықтан кез-келген сөзді термин деп тани алмаймыз. Осы орайда академик Ә.Қайдардың: «Терминнің бәрі – сөз, ал сөздің бәрі – термин емес», - деген пікірі, М.Ізімұлының: «Термин қалыптастыру - көзсіз аудармалау, жасанды сөзжасам тудыру, «қазақы» балама жапсыру емес» деген ойларының астарында үлкен мән жатқандығы ескерілу қажет.
Терминология - терминдер саналы икемдеуге және реттеуге оңай көнімді лексиканың ерекше секторын құрайтын, өңдірістің, қызметтің, білімніңсапасындағы терминдердің жиынтығы. 
Терминология –
1. Терминдер туралы ғылым;
2. Терминдер жиынтығы
деген екі мағынаны білдіреді.

Терминдерді оқытудың басты мақсаты:

болашақ маманға мамандыққа байланысты ана тіліндегі сөздерді үйретіп, сөздік қорын байыту. Термин сөздерді келешекте қызмет барысында қолдану олардың білімді де, іскер, өз саласын жетік меңгерген жан-жақты терең білімді маман болуына аса қажет. Сонымен қатар, студенттер термин жүйесін үйреніп, кәсіби сөздерді меңгеру үшін ғылыми - техникалық стильде жазылған шығармалармен жұмыс істеуі қажет, яғни оқытушы студенттің ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, сол арқылы ғылыми – зерттеу жұмыстарына икемдеуі қажет. Себебі, мамандыққа байланысты термин сөздерді меңгертуде сақтық қажет. Бұдан шығатын қорытынды: термин сөз бұлтартпас логикалық жіктеу ережесіне бағынуы шарт. Сонымен қатар терминнің құлаққа сіңімді, көкейге қонымды болуын қадағалап отырған жөн

1. Әдеби тілде бұрыннан бар кейбір төл сөздер терминдік мағына алып, белгілі саланың терминологиясына телінеді де, сонда әбден орнығып қалыптасады. Мысалы, қазақ тіліндегі айналым (оборот), құн (стоимость), нұсқау (инструкция) т.б сөздер білімнің әр саласында қолданылатын термин сөздерге айналып, қалыптасып кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет