ӘОЖ 37.013:001.895( 075.8)
С.С.ТІЛЕУОВА
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан
БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР
Аннотация
Түйін сөздер: бастауыш білім беру, мұғалім, білім саласы, реформалар, педагогикалық процесс, оқытудың жаңа технологиялары, инновациялар,
Кіріспе. Қазақстанның білім беру саласындағы ізденістері өскелең жаңа буынды ХХІ-ғасырдың өмір талаптарына сай сапалы дайындау мақсатында дұрыс шешімдер қабылдауға бағытталған. Әлемдік білім беру тәжірибесінде білім берудің күтілетін нәтижесі ретінде қарастырылатын құзіреттіліктер шеңбері айқындалған (ЮНЕСКО, 1996). Еліміздегі білім беру реформасы әр адамның табысты жұмыс істеуіне, өмір бойы оқып-үйренуіне қажетті тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағытталған әлемдік тәжірибеге негізделеді. Демек, білім беру жүйесінің түлектері функционалдық жағынан сауатты болып қана қоймай, кез-келген өмірлік мәселені шешуге, қойылған мақсатқа жетуге қажетті құралдар, әдістер мен жолдар таңдауда рухани және адамгершілік қуатын көрсетуге қабілетті, өзінің қоғам алдындағы парызын саналы түрде атқаруға дайын болуы тиіс.
Сауатты, зияткер, рухани мықты адам тәрбиелеу адамгершілік құндылықтарды, ұлттық-мәдени дәстүрлерді бекіту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Өзіне, басқаларға және әлемге деген құндылық қатынасын дамыту негізінде тұлғаның үйлесімді қалыптасуы бейбітшілік пен келісімнің нығаюының алғышартына, ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған ұлттық басымдылықтардың жүзеге асуының жасампаз күшіне айналады. Орта білім беру, оның ішінде бастауыш білім беру қазақстандық сана-сезім мен мәдени сәйкестік негізінде Отан үшін жауапты болуға қабілетті зияткер және рухани-адамгершілік жағынан жоғары тұлға дамытуға бағытталған. Мектеп Қазақстан халықтарын біріктіретін жалпы ұлттық «Мәңгілік ел», «Қазақстан – ортақ үйіміз», «Қазақстан – менің Отаным» идеяларын жүзеге асыруға үлес қосады. Осы идеяларды ұстану оқушыларда Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, тіл, мәдениет пен салт-дәстүрлерді сақтауға және өз елінің жарқын, мейірімді азаматтары болуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |