«Жамбыл «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» кмм «салтым – асыл қазынам» интеллеуталды ойын



бет1/4
Дата05.04.2023
өлшемі73,5 Kb.
#79718
  1   2   3   4
Байланысты:
Салтым асыл қазынам


«Жамбыл «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» КММ
«САЛТЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»


ИНТЕЛЛЕУТАЛДЫ ОЙЫН

Өткізген: «Бірлік» шаңырақ қауымдастығының жетекшілері Сейткалиева Г.К., Утеген Е.М.


Мақсаты:
Жас ұрпаққа атадан балаға мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді жеткізу. Оқушылардың қабілетін, шапшаңдылығын, белсенділігін, жан-жақты дамыту, қызығушылығын арттыру. Отанымызды сүюге, ата салт – дәстүрімізді, әдет – ғұрпымызды сақтауға, қастерлеуге, құрметтеуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі: танымдық зияткерлік ойын
Көрнекілігі: Презентация, шарлар, компьютер, слайд, бейнеролик.


Барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен құрметті оқушылар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай өткізіліп отырған «Салтым – асыл қазынам» атты танымдық-зияткерлік ойынымызға қош келдіңіздер! Наурыз мейрамы ертеден келе жатқан ұлы мейрам. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «нау» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерінен қалыптасқан. Ал біздің халқымыз бұл күнді – «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Ұлыстың ұлы күні – күн мен түн теңеліп, жан-жануарларымыз төлдейтін, халқымыздың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Наурыз мейрамында қазақ халқының ұлттық тағамдары әзірленіп, ұлттық ойындары ойнатылады, салт – дәстүрлері көрсетіледі.


Жүргізуші: Ойынға қатысушы топтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
1 топ. Бірлік” тобы
2 топ. “Атамұра” тобы
3 топ. “Болашақ” тобы

Ойын 5 кезеңнен тұрады.


І кезең «Мақал – сөз атасы».
ІІ кезең «Мықты болсаң - тауып көр».
ІІІ кезең «Білгір болсаң...».
ІV кезең «Қара жәшік».
V кезең «Өлең сөздің патшасы» .


І кезең «Мақал – сөз атасы». Бұл кезеңде әзіл сұраққа мақалмен жауап беру керек.


1. Жыланды інінен қалай шығарады? (Жылы – жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2. Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жауады)
3. Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу – инемен құдық қазғандай)
4. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)
5. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)
6. Елу құлағы бар кім? ( Ел құлағы елу)
7. Тауық түс көре ме? ( Тауықтың түсіне тары кіреді)
8. Білетінің бір тоғыз,... (білмейтінің тоқсан тоғыз)
9. Оттан да ыстық болып тұрған не? (Отан – оттан да ыстық)
10. Адам денесіндегі қорқақ, батыр мүшелері. (Көз – қорқақ, қол – батыр)
11. Көрдім, көрмедім дегендер неше сөз бола алады? (Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз)
12. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын)
13. Жаман атты, жаман жолдасты немен алмастыруға болады? (Жаман аттан аяғың артық, жаман жолдастан таяғың артық).
14. Бір рет өлуге болады немесе мың рет өлуге де болады. (Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі)
15. Ел іші қандай бесік? (Ел іші – алтын бесік)


ІІ кезең «Мықты болсаң - тауып көр» (суреттер арқылы тыйым сөздер айту).

1. Бетіңді баспа.
2. Тізеңді құшақтама.
3. Өтірік жылама.
4. Аққуды атпа.
5. Отпен ойнама.
6. Нанды жерге тастама, үстіне басқа зат қойма.
7. Ақты төкпе.
8. Орынсыз күлме.
9. Қолыңды төбеңе қойма.
10. Екібетіңнен жатпа.
11. Қолыңды артыңа ұстама.
12. Түнде күлді, шелекпен суды шығарма.
13. Күлді қолмен шашпа.
14. Ерніңді шығарма.
15. Бала бетіне үрлеме.
16. Дастарқанды, тамақты баспа.
17. Ауру адамға күлме.
18. Малды, ыдысты, тамақты теппе.


ІІІ кезең «Білгір болсаң...»

Әр топқа кезекпен-кезек ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты 5 сұрақ қойылады. Топ, сұрақтарға ақылдаса отырып, жауап беруі керек. Ойлануға 1 минут, білмеген жағдайда, басқа команда жауап беруіне болады.


1-сұрақ: Қазақ халқының еттен жасалған ұлттық тағамдарын атаңыз (қазы-қарта, жал-жая, құйрық бауыр, шұжық т.б.)


2-сұрақ: Жүн және матадан жасалатын заттарды атаңыздар (текемет, құрақ, көрпе, ою-өрнек, байпақ т.б.)
3-сұрақ: Киіз үйдің басты бөліктерін атаңыз (шаңырақ, кереге, уық)
4-сұрақ: Ұлттық киімдерді атаңыз (сәукеле, кимешек, орамал, бөрік, ішік, шапан, камзол, мәсі т.б.)
5-сұрақ: Жеті қазынаны атаңыз (ер жігіт, сұлу әйел,ақыл-білім, жүйрік ат, қыран-бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.)
6-сұрақ: Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз (көкпар, алтыбақан, тоғызқұмалақ, ақсүйек, күрес, аударыспақ т.б.)
7-сұрақ: Сүттен жасалатын ұлттық тағамдарды атаңыз (қымыз, шұбат, қатық, айран, құрт, ірімшік т.б.)
8-сұрақ: Наурызкөже құрамына қанша тағам қажет, атаңыз (7 түрлі тағам, мысалы, су, құрт, ет, тұз, күріш, сүт, ұн).
9-сұрақ: Қалыңдықтың анасына арнайы берілетін сыйды қалай атайды? (Ан сүті).
10. Сүйінші дегеніміз не? (Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші, сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді, немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл – шын қуанудың, ризашылықтың белгісі).
11. Шашу дегеніміз не? (Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындарымен шашу шашады).
12.Сыбаға дегеніміз не? (Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын – жуығына арнап сақтаған кәделі ет сыбаға деп аталады. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады).
13. Ереулік деген не? (Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрынан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады).
14.Бесік той дегеніміз не? (Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл тойға жиналған көрші – қолаң шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкені, беделді әйел кісі бесік жабдығын орын – орнына қояды).
15. Тұсау кесер және оны қандай жіппен кеседі? (Бала қаз тұрып жүре бастағанда жасалатын салт – дәстүр. Бұл дәстүр бала құламай, аяғын тез басып жүріп кетсін деген оймен жасалады).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет