Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері



бет1/26
Дата07.01.2022
өлшемі186,44 Kb.
#19758
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
диплом жұмысы № 4


Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері.
КІРІСПЕ 4

1 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП БАЛАЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.



    1. Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік

    2. Бастауыш мектеп балаларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері.

    3. Білім беруде дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері

2 БАСТАУЫШ МЕКТЕП БАЛАЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘНІ.

2.1. Дамыта оқыту технологиясы арқылы балалардың құзіреттілігін дамыту.

2.2. Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі.

2.3. Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздеулері.


3 БАСТАУЫШ МЕКТЕП БАЛАЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.

3.1. Бастауыш мектеп оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың жолдары.

3.2. Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың дәстүрлі формалары, жолдары, әдістері.

3.3. Білім беруде дамыта оқыту технологияларын қолдану түрлері.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып, балаға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.

ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіге қарағанда нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір педагогтың күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында Қазіргі таңда Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, балалардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, педагог іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Осы міндетті шешудің бірден-бір жолы бастауыш сынып балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту болып табылады. ХХ ғасырдың басындағы белгілі ғалым А.Байтұрсынов: «Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы педагогтың қызметі балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру», - деген болатын. Жаңа буын оқулықтарына негіз болған дамыта және кіріктіре оқыту идеясы бүгінде бастауыш сынып балаларының өз бетіндік танымдық әрекеттерінің оның дамуындағы маңызын дер кезінде көргенін байқауға болады. Жаңа буын оқулығының басты ұстанымы дамыта оқыту десек, онымен балаларды оқыту барысында «Дамыта оқыту технологиясын» атауға болады. Оқытудың даму концепциясын Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің, Дамыта оқыту концепциясын А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Эльконин, П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов және т.б. зерттеген. Кейінгі кездері Республика көлемінде оқу бағдарламасында көптеген өзгерістер енгізілуде. Атап айтар болсақ, көп деңгейлі, интеграцияланған және дамыта отырып оқыту, т.с.с. Осының ішіндегі "дамыта оқыту" жайлы түсінігі жоқ педагог оны жүзеге асыра алмайды. Мектеп педагогдері арасында "Дамыта оқыту" тек бастауышқа ғана қолдануға тиімді деген пікір қалыптасқан. Сонда дәстүрлі оқыту жүйесіндегі педагогдер дамыта оқытудан шыққан баланы түсіне алмай, өз қалыптарына түсіре бастайды одан бала психологиясы жапа шегеді. Мұның барлығы педагогтың теориялық білімінің әлі де аздығынан, қазақ тілінде жазылған көмекші құралдардың болмауынан және бұл тақырыптың әлі де өз деңгейінде зерттеле қоймағандығынан деп ойлаймыз.

Бұл жағдайда Республикамыздағы білім берудің жаңа философиясын, теориялық негізін, практикасын насихаттауды қолға алу қажеттігін көрсетеді. Сол себепті дамыта оқытуға байланысты әртүрлі болжамдар мен қате түсініктерді сейілту қажет. Өз бетімен дами алатын, өздігінен шешім қабылдай алатын, қортынды жасай алатын тұлғаны қалыптастыру қажет. Сол себепті біз зерттеу тақырыбымызды «Бастауыш сыныпта білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту әдісінің ерекшеліктері» деп атадық.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет