Тәжірибелік мәні: Бастауыш сыныптарда сауаттылықтарын арттыру, тіл дамытудың тиімді құралдары ыарқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын арттыру. Шәкірттердің шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі көрсетілген. Онда ҚР Білім Заңынан, ҚР 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасынан білім беру деңгейлеріне түсініктеме берілген. Тақырыпқа байланысты атақты педагогтардың еңбектері келтірілген. Жұмыстың объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеудің әдістері берілген.
«Дамыта оқыту технологиясын бастауыш сынып балаларына білім беруде пайдаланудың теориялық негіздері» тақырыбындағы І бөлімде дамыта оқыту технологиясының теориясы мен ұлы ғұламалардың еңбектері берілген.
«Бастауыш мектеп балаларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының мәні» атты ІІ бөлімде дамыта оқытудың рөлі, оны зерттеудегі теориялық талдаулары келтірілген. Сондай-ақ бастауыш сынып балаларын дамыта оқытудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, жолдары, әдістері берілген.
«Бастауыш мектеп балаларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының әдістемесі» атты ІІІ бөлімде бастауыш мектепте ана тілі мен математика сабағын дамыта оқытудың құрылымын, ана тілі және математика пәнін дамыта оқытудың жаңа тиімді технологияларын келтірген, және де педагогикалық әдебиеттер мен озық іс-тәжирибелерге сүйене отырып, үлгі сабақтарының жоспары ұсынылып отыр.
Қорытындыда жүргізген жұмыстардың нәтижелері көрсетілген.
1 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП БАЛАЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
Достарыңызбен бөлісу: |